Новости и события

05 мая 2025

«Күйзелісті басқару» тақырыбындағы тренинг

Бүгін UTEBAYEV UNIVERSITY-де қызметкерлер мен оқытушыларға арналған «Күйзелісті басқару» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті тәжірибелі маман, психотерапевт, ICF коучы, психолог және бизнес-тренер Айнұр Ботаханова жүргізді. ⚡️Кәсіби салада ұзақ жылдар бойы еңбек ететін адамдар үшін эмоционалдық күйзеліс пен жұмысқа деген мотивацияның төмендеуі – жиі кездесетін жағдай. Осы мәселенің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл тренинг университет ұжымына өз денсаулығы мен эмоционалдық жағдайына назар аударуға мүмкіндік берді. ⚡️Тренинг барысында қатысушылар: — эмоциялық күйзелістің алғашқы белгілерін қалай анықтауға болатынын; — энергияны қалпына келтіру мен ішкі ресурсты толтыру әдістерін; — жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдарын меңгерді. ⚡️Айнұр Ботаханова тренингті интерактивті форматта өткізіп, теориялық мәліметтермен қатар практикалық жаттығулар жасатты. Қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, тәжірибе алмасты. Бұл іс-шара – университет ұжымының кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған қолдаудың бір көрінісі.

05 мая 2025

«Елім менің – жүрегімнің жыры»

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында UTEBAEV UNIVERSITY-де өткен патриоттық әндер фестивалі осылай деп аталды. Университетте елге деген сүйіспеншілікті ояту, ұлттық рухты көтеру және студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы фестиваль оқу ордасының дәстүрлі мәдени іс-шараларының біріне айналып, жастарға отансүйгіштік рух сыйлап, туған елге деген мақтаныш сезімін оятты. Фестиваль барысында университеттің түрлі факультеттерінен жиналған дарынды жастар өздерінің жүрек тебірентер әндерімен көрерменнің көңілінен шыға білді. Репертуарда халқымыздың рухын көтерген тарихи әндер де, заманауи патриоттық шығармалар да орындалды. Әрбір өнерпаз туған жерге деген махаббатын әнмен жеткізді. Іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ студенттер қауымы белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен ерекше рухани әсер алды. -Осындай іс-шаралар шығармашылықты ғана емес, сонымен қатар ұлтқа деген сүйіспеншілікті, тарихи сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады,- деп атап өтті UTEBAEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова. Фестивальге Әскери кафедра студенттері де қатысты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасындағы әскери кафедрада UTEBAYEV UNIVERSITY-дің 57 студенті білім алуда.

05 мая 2025

Атырау облысы әкімінің жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы

UTEBAEV UNIVERSITY-де Атырау облысы әкімінің жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті. Кеңесті облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев басқарды. Отырыста 2026 жылға арналған облыс бюджетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындарды енгізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ғылыми-зерттеу жұмыстарына гранттар беру жөніндегі конкурс пен конкурстық комиссия туралы Ереженің жобасы қаралды. Кеңес құрамына Атырау облысының даму институттары мен бизнес-қауымдастық өкілдері енгізіліп, жаңартылды. Іс-шарада төрт басым жоба алғаш рет сарапқа салынды.Олардың ішінде екі жоба кеңес мақұлдауымен қаржыландыру тізіміне енді. Атырау облысы әкімінің жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес – өңірлік мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтің озық білімдері мен технологияларын пайдалану арқылы инновациялық әрі ұтымды даму саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруге арналған тұрақты жұмыс істейтін алқалы және кеңесші-кеңестік орган.

02 мая 2025

Жұмысшы мамандықтардағы әйелдердің табыс тарихы

Бүгін «Жұмысшы мамандықтардағы әйелдердің табыс тарихы» тақырыбында облыстық конференция өтті. Кәсіптің шебері атанған әйелдердің өмірінен алынған нақты мысалдар, шынайы шабыт, сынға төзген табандылықтың көрінісі — бұл конференцияға қатысқан әрбір жанның жүрегінен орын алған әсерлі сәттер. ⚡️Дәнекерлеуші де, геолог та, инженер де — нәзіктігімен қатар қайсарлығын дәлелдеген әйелдер бүгінде кәсіптің нағыз майталманына айналды. Іс-шараның мақсаты — әйелдердің жұмысшы мамандықтарындағы рөлін арттыру, табыс тарихтарын үлгі ету және жастарға мотивация болу. ⚡️Конференцияны Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығы, Атырау облысы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шарада университетіміздің ректоры Гүлзада Шакуликова сөз сөйлеп: «Бұл конференция – гендерлік теңдікке, мүмкіндіктер теңдігіне қолдау білдіретін, қоғамның түрлі саласында әйелдердің әлеуетін көрсететін маңызды платформа. Біздің университет гендерлік теңдік пен әйелдердің кәсіби дамуын қолдап келеді. Соның бір айғағы – біз іске қосқан «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы» МВА бағдарламасы. Бұл бағдарлама — энергетика, мұнай-газ және техникалық салада еңбек етіп жүрген әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашатын бірегей білім жобасы. Біз осы бағдарлама арқылы әйел мамандардың тек орындаушы емес, көшбасшы болуына жол ашып келеміз»,-деп атап өтті.

01 мая 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған дөңгелек үстел отырысы

UTEBAEV UNIVERSITY-де Студенттік ассамблеяның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шарада еліміздегі этносаралық келісім мен қоғамдық бірліктің маңызы, жастардың бейбітшілік пен достықты нығайтудағы рөлі сөз болды. Студенттер мен оқытушылар тарихи шолу жасап, Ассамблеяның ел бірлігін сақтаудағы ерекше миссиясына тоқталды. “Бірлік бар жерде — тірлік бар” деген қағиданы ұстанған бұл басқосу жастарды татулық пен толеранттылық рухында тәрбиелеуге бағытталды.

30 апреля 2025

Волейбольный мастер-класс от чемпиона Казахстана в Атырауском университете нефти и газа!

Мы с командой провели мастер-класс для студентов Атырауского университета нефти и газа имени С. Утебаева! Это был настоящий спортивный праздник, где каждый мог почувствовать себя частью большой волейбольной семьи. Особенно приятно, что вместе с нами на площадке играли и сами студенты университета — будущие энергетики, инженеры, лидеры. Мы не только делились техникой, но и зарядом командного духа! Футболки с символикой университета и клуба стали приятным подарком для зрителей и участников — ведь такие встречи создают настоящую атмосферу единства и вдохновения. - Отдельная благодарность университету за возможность провести это событие. Для меня, как для студента и капитана молодежной команды ВК «Атырау», это была большая честь и радость. Спасибо за поддержку, доверие и тёплый приём! С уважением, Дидар Берикбол Мастер спорта РК, студент прог. «Промышленная энергетика»

25 апреля 2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде Ассамблея құрылған 30 жыл ішінде елімізде бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасқанын ерекше атап өтті. «Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Осылайша, мемлекет пен қоғам арасында сындарлы әрі жемісті сұхбат, яғни, диалог орнатуға ықпал етуде», – деді Президент. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісімді нығайтуға, ұлтаралық татулық пен сенімді арттыруға, азаматтық қоғамды дамытуға зор үлес қосты. Бейбітшілік пен бірлік – ел болашағының негізі. Осы құндылықтарды сақтау – әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті.

25 апреля 2025

«Таза Қазақстан» — таза болашаққа бастар жол!

«Таза Қазақстан» — таза болашаққа бастар жол! Бүгін, 25 сәуір — Велосипед күні! Университетімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында біз «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаймыз. Күнделікті көліктің орнына велосипедті таңдау — таза ауа, тыныш қала және денсаулық кепілі!

26 апреля 2025

UTEBAEV UNIVERSITY делегациясы Түмен облысында

UTEBAEV UNIVERSITY Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ринат Искаков бастаған делегация жұмыс сапарын Түмен облысындағы Тобольск қаласында орналасқан «Сибуринтех» оқу-жаттығу орталығында бастады. «Сибуринтех» – СИБУР компаниясының инженерлік-техникалық сараптама орталығы. Аумағы 5000 шаршы метрден асатын инновациялық кешенде 26 оқу зертханасы мен тәжірибелік жаттығу алаңы бар. Мұнда СИБУР компаниясының қызметкерлері мен басқа ЖОО студенттері біліктіліктерін арттырып, химиялық технологиялар саласының жетекші мамандарынан білім алады. Ынтымақтастық жоспарлары: 2025 жылы Түмен қаласында жасалатын маңызды келісім аясында UTEBAEV UNIVERSITY базасында мұнай-газ химиясы бойынша білім беру және оқу-өндірістік орталық құру мәселелері талқыланды. Түмен облысының Мұнай-газ кластері қауымдастығымен кездесуде делегация өндіріс пен білімнің арасындағы байланысты нығайту мақсатында индустриялық полигонның мүмкіндіктерін ұсынды. Жасанды интеллект және IT бағыттары бойынша Түмен индустриалды университетімен білім беру бағдарламалары талқыланып, студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Қазақстандық студенттермен кездесіп, олардың болашақта Атырау мұнай және газ университетінде білім алу немесе жұмыс істеу мүмкіндіктерін таныстырды. Ғылыми-инновациялық серіктестіктің жаңа кезеңі: UTEBAEV UNIVERSITY мен Түмен мемлекеттік университетінің арасында мұнай-газ, мұнай-химия, IT және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында пікір алмасулар өтті. Делегация сапары білім мен инновацияның бірлескен күшін арттырып, болашақ инженерлік кадрларды даярлаудағы серіктестіктің жаңа көкжиегін ашуға бағытталды.

23 апреля 2025

ТҮЛЕКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Бүгін университетте жас мамандарға арналған дәстүрлі Түлектер жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл – студенттер мен жұмыс берушілер арасында алтын көпір орнататын маңызды алаң. 🔹 Биыл университетті 800-ден астам түлек тәмамдағалы отыр. Олар – еліміздің энергетика, мұнай-газ, электр энергетикасы және геология салалары бойынша жаңа серпін әкелетін, білімді әрі білікті жас мамандар. Іс-шараға 40-тан астам компаниялар қатысты. Олардың қатарында «ДАЛАРО/ОВЕРСИЗ/ ЛИМИТЕД» ЖШС, «Болашақ Атырау» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ҒЖЗИ» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚМГБҒЗИ» ЖШС, т.б. бар. Ірі өндірістік, инженерлік және зерттеу мекемелері түлектермен жүздесіп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынды. Компания өкілдері түлектерге өндірістік тәжірибе, тағылымдама, жастар бағдарламалары және кадрлық резервтер туралы кеңінен айтып, мансап жолындағы алғашқы қадамдарын нақты жоспарлауға бағдар берді. Жәрмеңке барысында түлектер түйіндемелерін тікелей жұмыс берушілерге ұсынды. Сонымен қатар әңгімелесу тәжірибесінен өтіп, компаниялардың HR мамандарымен жеке сұхбаттасу мүмкіндігін алды. Саладағы жаңа трендтер мен талаптардан хабардар болды.

23 апреля 2025

Жаңа экологиялық бастамалар және таза орта: Әкіммен ашық диалог

UTEBAEV UNIVERSITY базасында «Жаңа экологиялық бастамалар және таза орта: Әкіммен ашық диалог» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы Шәпкенов, облыс әкімінің орынбасарлары, экология саласындағы мамандар, студенттер мен экобелсенділер қатысты. Кездесу барысында қатысушылар экологиялық мәселелерді талқылап, облысымыздың экологиялық жағдайын жақсарту үшін жаңа бастамаларды ұсынды. Іс-шараның басты мақсаты — жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог арқылы экологиялық мәдениетті арттыру, экосана қалыптастыру және тұрақты даму үшін ғылыми жобаларды қолдау. Кездесу қорытындысында экологиялық бастамаларды іске асыру жолдары айқындалып, жаңа жобалар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамдар белгіленді. Облыс әкімі Utebaev University студенттері мен оқытушыларымен бірге университет аумағында өткен көгалдандыру акциясына қатысты. Іс-шара аясында жасыл желек – ағаштар мен бұталар отырғызылды. Бұл бастама табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

26 апреля 2025

UTEBAEV UNIVERSITY білімгерлері Астанада жасанды интеллект арқылы экожобалар ұсынды

21 сәуір күні Астана қаласында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі еліміздің жасыл болашағына жауапкершілікпен қарайтын жастардың басын қосты. Эко-мәдениетті насихаттап, жаңа идеялар мен бастамаларды қолдауға бағытталған фестиваль аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр өңірінен келген жас көшбасшылармен кездесті. Мемлекет басшысының арнайы марапатына ие болғандар қатарында UTEBAEV UNIVERSITY студенті Еркебұлан Ғинаятұлы да бар. Бұл марапат - Атырау жастарының белсенділігі мен қоғамдағы орнының айқын дәлелі. Іс-шараға университетте жуырда ашылған AI-HUB жасанды интеллект орталығының мүшелері Әлия Кусманова, Сағадат Әміржанов, Нұрайна Сәрсенбаева, Максим Топильский және Мирас Егеубай қатысып, экологиялық жобаларын таныстырды. Жас зерттеушілер ұсынған жобалар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы тың технологиялық шешімдерге негізделген. Атап айтқанда, қалдықтарды тиімді басқару, климаттық деректерді сараптау, ауа мен су сапасын бақылау, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді алдын ала болжау секілді маңызды мәселелерге назар аударылды. AI-HUB жастарының бұл бастамалары білімді, креативті көзқарас пен технологияға деген қызығушылықты ел болашағы жолында тиімді пайдаланудың үлгісі.

21 апреля 2025

В UTEBAEV UNIVERSITY открыт учебно-лабораторный комплекс

Для студентов UTEBAEV UNIVERSITY был представлен уникальный учебно-лабораторный комплекс «РЕТОМ-51», разработанный компанией «Даларо/Оверсиз/Лимитед» ТОО. Компания, предоставляющая комплексные инженерные решения в области электроснабжения и систем безопасности, вносит значительный вклад в подготовку кадров, отвечающих современным требованиям энергетической отрасли. Внедрение комплекса «РЕТОМ-51» в учебный процесс позволяет студентам осваивать практические навыки работы с реальным оборудованием, применяемым в энергетике. Разработчик комплекса — Ерлан Ахметов, заместитель генерального директора по инновационному развитию ТОО «Даларо/Оверсиз/Лимитед», отметил, что благодаря таким инициативам студенты получают не только теоретические знания, но и практические навыки, востребованные на производстве. По словам ректора UTEBAEV UNIVERSITY Гульзады Шакуликовой, образовательный процесс в университете направлен на формирование профессиональной среды, максимально приближенной к условиям реального производства. Это ключ к подготовке специалистов, готовых к цифровой и технологической трансформации отрасли.

16 апреля 2025

UTEBAEV UNIVERSITY-де «Студенттік көктем» фестивалі өтті!

🔥Бұл күн – өнер мен шығармашылықтың ғана емес, достық пен жігердің мерекесі болды. Фестиваль аясында: ✨ Ән мен би, театрландырылған көріністер ✨ Көркемсөз оқу және авторлық шығармалар ✨ Студенттік клубтардың арнайы қойылымдары ұсынылды. 🔥Жастардың креативі мен таланты, сахнадағы шынайы эмоциялар көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. ⚡️Фестиваль қорытындысы бойынша: 🎨 Цифрлық креативтің үздігі – Ақпараттық технологиялар факультеті 🌿 Эко-өнердің шабыт иелері – Н.К. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институты 🎭 Заманауи өнердің жарқын келбеті – Индустриалды-технологиялық факультеті 🎤 Сахнаның сырлы шеберлері – Мұнай-газ факультеті 🏆 Н.К. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институтының студенттері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі 1-орынды иеленді. ⚡️UTEBAEV UNIVERSITY – шығармашыл жастар мекені!

16 апреля 2025

«Самғау» ғылыми-техникалық бастамалар орталығының челленджі

⚡️ UTEBAEV UNIVERSITY «Самғау» ғылыми-техникалық бастамалар орталығының челленджін қабылдап, университет ғылымының дамудың негізі ретіндегі маңыздылығын айта отырып, эстафетаны жалғастырады. ⚡️Білім мен инновация даму бағытын анықтайтын әлемде университеттер - батыл идеялар, тың жаңалықтар мен алдыңғы қатарлы зерттеулердің алаңы. ⚡️UTEBAEV UNIVERSITY «Самғау»-ға шабыттандыратын челлендж үшін алғыс білдіріп, серіктестері мен әріптестерін ғылыми қозғалысқа қосылуға шақырады! 🔥 Челленджді «Ембімұнайгаз» АҚ және Қазақстан-Британ Техникалық Университетіне жолдаймыз!

16 апреля 2025

Курсы разговорного английского с носителем в UTEBAEV UNIVERSITY

В рамках программы Foundation в UTEBAEV UNIVERSITY стартовали разговорные курсы с носителем языка от международной компании NCOC. Это отличная возможность для всех студентов прокачать свой английский, улучшить навыки общения и преодолеть языковой барьер. 📅 Занятия проходят каждую среду в 18:00 👤 Курсы проводит носитель английского языка – специалист из компании NCOC. Это не просто уроки, а живое общение, практические задания, интересные темы и полное погружение в английскую среду. 🎯 Для всех студентов, особенно участников программы Foundation, кто хочет: говорить уверенно и свободно; расширить словарный запас; улучшить произношение; научиться понимать живую речь и просто получать удовольствие от изучения языка! 💬 Это неформальные, интерактивные занятия, где важна не идеальная грамматика, а общение и практика. Здесь можно не бояться ошибаться — наоборот, именно через диалог и живое взаимодействие приходит настоящий прогресс. 📍 Ждем тебя каждую среду в 18:00 в UTEBAEV UNIVERSITY! Открой для себя английский по-новому — интересно, живо и с реальной пользой!

15 апреля 2025

Атыраудан Мадридке дейін: болашақ мұнайшыларға жаңа мүмкіндік

Utebayev University Испанияның мұнай-газ, химия және энергетика салаларындағы ірі инжинирингтік компаниясы — Técnicas Reunidas (TR) -пен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жоғары оқу орнын халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған кездесуге Utebayev University ректоры Гүлзада Шакуликова, TR компаниясының техникалық директоры Оскар Ломбера және компания өкілі Фирангиз Маммадова мен университет білімгерлері қатысты. TR компаниясы студенттерге кәсіби даму бағдарламаларына қатысуға, халықаралық тәжірибе жинауға және жаһандық жобаларға атсалысуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде болашақ мұнайшылар әлемдік деңгейдегі инженерлермен жұмыс істей алады. «Аталған бастама TR және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлесіп қолға алған бағдарлама аясында жүзеге асып отыр. Студенттеріміз жобаларды басқару мен инжиниринг саласының қыр-сырына қанығып, халықаралық ортада шыңдалады. Жобаға жыл сайын қазақстандық техникалық жоғары оқу орындарының 30 студенті қатысып, үш айлық онлайн оқудан кейін Мадридтегі TR кеңсесінде тәжірибеден өтеді», - дейді ректор Гүлзада Шакуликова. Алғашқы іріктеу сәуір мен маусым айлары аралығына жоспарланған. Төрт жылға белгіленген жоба барысында 120 студент шетелде білім алып, TR-дың әлемдік жобаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады. TR – Атырау облысындағы «Силлено» болашақ полиэтилен зауытының пиролиз қондырғысын салуға жауапты EPC мердігерлердің бірі. Компанияның жергілікті жобаларға қатысуы мен қазақстандық студенттерге мүмкіндік беруі – индустрия мен білім арасындағы байланыстың нығаюына, болашақ инженерлердің кәсіби тұрғыда қалыптасуына жол ашады.

11 апреля 2025

Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» еңбегі

UTEBAYEV UNIVERSITY Оқырмандар клубының ұйымдастыруымен кезекті әдеби кездесу өтті. Бұл жолғы басқосу Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» еңбегіне арналды. Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл конференцияға «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының мүшелері Жанар Сиден мен Ертай Тұрсын арнайы шақырылып, студенттер мен оқытушылармен еркін форматта пікір алмасты. Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлері де белсенді қатысып, тарихи еңбектегі ғылыми тұжырымдар мен архивтік деректерге назар аударды. Оқырмандар кездесуінде қатысушылар кітаптың мазмұнын, тарихи кезеңдегі оқиғаларды, Сәтбаевтың ғылыми мұрасын жан-жақты талқылап, көзқарастарымен бөлісті. -Университетте Оқырмандар клубының жұмысы тек кітап талдаумен шектелмейді. Бұл – ұлттық сананы жаңғырту, жастарды терең пайым мен тарихи зердеге баулу жолындағы қызметіміздің бір бөлігі. Клуб алдағы уақытта да ел тарихы мен ғылымына қатысты тағылымды еңбектерді талқылауды жалғастырады, - деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

09 апреля 2025

МВА түлектері диплом алды

Utebayev University энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған MBA бағдарламасының түлектері жоғары білімі мен кәсіби дағдысын растайтын дипломдарын алды. Бұл бағдарламаның мақсаты – әйелдерді энергетика саласындағы жетекші позицияларға даярлап, басқарушылық қабілетін нығайту. Бағдарлама аясында білім алған тыңдаушылар қазіргі заманғы энергетика кешеніндегі күрделі мәселелерге шешім табуды және әлемдік стандарттарға сай инновациялық басқару әдістерін, стратегиялық жоспарлау мен жобаларды басқару дағдыларын меңгерді. Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы МВА бағдарламасы - әйелдерге кәсіби даму мен мансап жолында жаңа мүмкіндік ашатын бірегей бастама. Utebayev University білім мен тәжірибе арқылы энергетика саласындағы әйелдердің жаңа буынын тәрбиелеуді мақсат етеді. Біз сіздерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз! Толық ақпарат үшін: +7757540117

11 апреля 2025

«Мұнай-газ терминологиясы: қазақ тілінде» тақырыбында шеберлік сағаты

Ғылым апталығы аясында Университет кітапханасында «Мұнай-газ терминологиясы: қазақ тілінде» тақырыбында шеберлік сағаты өтті! Шараға университетіміздің түлектері спикер ретінде шақырылған болатын: 👤 Ниязбаева Айнұр Бауыржанқызы — «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС геология және игеру департаментінің жетекші инженері; 👤 Қуаныш Айгүл Базарбайқызы — Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, экономика ғылымдарының магистрі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты. 🔗 Білім алушылар Termincom, Emle.kz, Sozdikqor.kz сияқты қазақ терминологиясына арналған платформалармен танысып, құнды ақпараттар алды. 💡 Қазақ тілі — ғылым тілі екенін дәлелдейтін керемет кездесу болды!

Сведения о библиотеке

2020-2024

7 апреля 2025

Итоги олимпиады по программированию

А вот и описание третьей карточки.
RU  KK EN