Корпоративтік хатшы

Корпоративтік хатшы лауазымы Директорлар кеңесінің қызметін ұйымдастыруды, қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Жалғыз акционер мен Қоғамның Директорлар кеңесінің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару қағидалары мен рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

    

Корпоративтік хатшы қоғамның штаттық қызметкері болып табылады, өз міндеттерін толық жұмыс күні режимінде тұрақты негізде орындайды.

       

Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне және Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасына (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) есеп береді.

 

Корпоративтік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғамның жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және осы Ережеге, қоғамның басқа да ішкі құжаттарына, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

 


RU KK  EN