Басқарма Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, Қоғамның Жарғысымен, сондай-ақ еңбек шарттарымен белгіленеді. Еңбек шарттарында Тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және басқа да елеулі талаптар, сондай-ақ Басқарма мүшелерінің Қоғамды Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін сақтау жөніндегі міндеттемесі қамтылуға тиіс. Басқарма мүшелері Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерін барынша көрсететін тәсілдерді пайдалана отырып, өз құқықтарын жүзеге асыруға және өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға тиіс. Басқарма мүшелерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы келетін Қоғам мүлкін пайдалануға немесе пайдалануға жол беруге құқығы жоқ. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашуды және ұсынуды бақылайды, өздеріне сеніп тапсырылатын немесе жұмыс процесінде белгілі болатын коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын, өздеріне белгілі болған кез келген мәліметтерді жария етпеуге міндетті.


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары министрлігі " Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КЕАҚ 

Басқарма Құрамы

Шакуликова Гулзада Танирбергеновна

Басқарма төрағасы-ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик МАИН

Құсайынова Айман Каменқызы

Бас есепші

Сыздыков Мурат Канатович

Ғылым және инновация жөніндегі проректор

RU KK  EN