Тәртіптік кеңес


Тәртіптік комиссияның негізгі мақсаты — Университет қызметкерлерінің ҚР заңнамасын, университеттің Ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ тәртіптік ықпал ету және жауапкершілік шараларын қолдану туралы істерді қарау болып табылады.

Тәртіптік комиссияның негізгі міндеттері:

  • Университет қызметкерлері тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар туралы істерді жан-жақты, толық, объективті және уақтылы қарау.
  • Шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тәртіп бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау.
  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау.
  • Тәртіптік комиссияға бекітілген шараларды, оның ішінде осы лауазымдық міндеттер ережелерінің 2.1 т. айқындалған тұлғаларға қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау.

Тәртіптік комиссия мынадай істерді қарайды:

  • Құқық қорғау органдарының көмегімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
  • Корпоративтік Әдеп кодексінің нормаларын бұзу мәселелері бойынша.
  • Корпоративтік басқару кодексін бұзу мәселелері бойынша.
  • Профессор-оқытушылар құрамының оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен жүйелі өткізбеуі туралы.
  • Қызметкерлердің дәлелді себептерсіз жұмысқа жүйелі кешігуі туралы.
  • Жұмыс немесе оқу орнында мас күйінде пайда болуы, оның ішінде университет аумағында жұмыс уақытында спирттік ішімдіктер ішу туралы.
  • Белгіленбеген жерде темекі шегу туралы.
  • Университеттің ішкі нормативтік құжаттары талаптарын бұзу туралы.
  • Тәртіптік сипаттағы ықпал ету шараларын қолдануды талап ететін өзге де істер.
  • Азаматтардың өтініштері бойынша.

RU KK  EN