С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің университет – Қазақстандағы мұнай-газ саласында жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші білім ордасы. Заман талабына сай әлемдік деңгейдегі білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, білімгерлерімізді жаңа технологиялар мен инновацияларды меңгерген кәсіби мамандар ретінде даярлауды басты мақсатымыз деп білеміз.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің басты ұстанымы – сапалы білім берумен қатар студенттердің шығармашылық әлеуетін ашып, ғылыми ізденісін қолдап, болашаққа деген сенімін арттыру. Біз үшін оқу процесі тек теориялық біліммен шектелмейді. Студенттеріміздің жан-жақты дамуына, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға және өздерін түрлі салада сынап көруге барлық жағдайды жасаймыз.
Құрметті студенттер! Сіздердің арман-мақсаттарыңыздың орындалуы үшін біз әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті — сіздердің болашаққа нық қадам басып, кәсіби өсуіңізге бағыт беретін білім ордасы.
Баршаңызға оқуда, ғылымда және кәсіби жолда сәттілік тілеймін! Университетіміздің қабырғасында өмірлеріңізге жаңа парақтар ашылып, жарқын жетістіктерге жететініңізге сенімдімін!
Құрметпен,
Гүлзада Тәңірбергенқызы Шакуликова
«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор.