Қанат Әуесбайұлы Әуесбай

Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Проректор

Қанат Әуесбайұлы Әуесбай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген (1999-2004 жж.), ҚазҰУ аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдаған ( 2004-2008 жж.), филология ғылымдарының кандидаты. 2013-2014 жж. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританияда ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті (University of East Anglia, Norwich). Сондай-ақ, ол қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған (2014-2016 гг.), Turan-Astana университетінде «құқық магистрі» академиялық дәрежесін алған (2018-2020 гг.). Ұзақ жылдар бойы журналистік кәсібін ғылыми-педагогикалық қызметпен ұштастырып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқытушылық қызмет атқарды. Қанат Әуесбайдың 14 жылдық ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі бар. Сондай-ақ, ол әр жылдары БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар саласында еңбектенді: «31 канал», «Қазақстан» «Astana» сияқты республикалық телеарналарда тілші, редактор-сарапшы, шеф-редактор, жүргізуші болды. Жалпыұлттық қозғалыстың медиа-директоры, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының жетекші сарапшысы, 2019-2021 жж. «Қазақстан» РТРК АҚ» Атырау облыстық филиалы директоры болды. 2021 жылдың желтоқсанынан Нұр-Сұлтан қаласындағы «Elorda Aqparat» медиа-холдингінің директор орынбасары, сонымен қатар, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының астаналық филиалы төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарды. Қанат Әуесбай – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Университет дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған. Қазақстан бас редакторлар Клубының мүшесі, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Кеңес мүшесі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі.

RU KK  EN