Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

    Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылайды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды және ашықтық пен адалдық мәдениетін қалыптастырады.

    Біздің қағидаттарымыз-Тәуелсіздік, ашықтық, тиімділік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені үнемі жетілдіру.


Біздің мақсат

  • Қоғам мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету.
  • Антикоррупциялық стандарттарды енгізу.
  • ISO 37001:2016 халықаралық стандартын енгізу.
  • Жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуын мониторингтеу.
  • Жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Міндеттер

  • Қоғамда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдардың енгізуін қамтамасыз ету;
  • Қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
  • Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
  • ҚР заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Қоғам қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты ұстанымдарды қалыптастыру;
  • Сыбайлас жемқорлық көріністерді анықтау және оларды алдын алу-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелер бойынша түсіндіру іс-шараларды өткізу (сыбайлас жемқорлық көріністерге теріс және төзімсіз қарау);
  • Қоғам қызметкерлеріне және білім алушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелер бойынша кеңестік қолдау көрсету және сенім телефоны арқылы, сондай-ақ жеке кездесу барысында сыбайлас жемқорлық көріністер жөнінде ақпарат қабылдау.

Қағадиттар

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін іске асыру үшін бөлінген ресурстар мен өкілеттіктердің жеткіліктілігі;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігінде Қоғам басшылығының мүдделілігі;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ақпараттық ашықтығы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің үздіксіздігі;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін тұрақты жоғарлату.
Комплаенс меню Комплаенс меню Комплаенс меню

Байланыс

Мекен-жай: 060027, Атырау қ, М. Баймуханова көшесі 45А

Сенім телефоны: +7 701 277 97 96

Email: s.asylbek@aogu.edu.kz


RU KK  EN