Офис-тіркеуші


Офис-тіркеуші басшысы: Әбелдинова Жанар Смағұлқызы


Мақсаты

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында оқу процесін ұйымдастыруға жәрдемдесу, білім алушылардың оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу сапасын арттыру, білім алушылардың білімін ашық бақылауды жоспарлау және өткізуді ұйымдастыру.

Міндеттері

  • ▪ Білім алушылардың оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу
  • ▪ Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру
  • ▪ Академиялық рейтингті есепке алу
  • ▪ Оқу процесін үйлестіру және мониторингілеу
  • ▪ Контингенттің қозғалысын есепке алу
  • ▪ Құжаттарды мұрағатқа дейінгі сақтау
  • ▪ Статистикалық есептілік жүргізу

Функционалдық міндеттері

  • ▪ Академиялық топтар мен ағындарды қалыптастыру
  • ▪ Студенттік құрам бойынша бұйрықтар дайындау
  • ▪ Аттестаттау үшін ведомостарды дайындау
  • ▪ Академиялық рейтингтерді есептеу
  • ▪ Жеке істерді жүргізу
  • ▪ Кредиттерді есепке алу
  • ▪ Жазғы семестр және академиялық қарыздарды жоюды ұйымдастыру
  • ▪ Білім беру гранттарына құжаттарды дайындау
  • ▪ Стипендияларды тағайындау туралы бұйрықтар
  • ▪ Жол шығындарын өтеу туралы бұйрықтар
  • ▪ Контингент қозғалысын тіркеу: ауысу, қалпына келтіру, оқудан шығару
  • ▪ Құжаттарды мұрағатқа дейінгі сақтау
  • ▪ Қатаң есептілік бланкілерімен жұмыс (дипломдар, қосымшалар)
  • ▪ Мемлекеттік есептілік нысандарын толтыру
  • ▪ Анықтамалар мен транскрипттер беру
  • ▪ «Study Space» жүйесіне кіру үшін логин мен құпия сөз беру
  • ▪ Студент үлгерімін бақылау
  • ▪ Study Space жүйесін жаңарту және деректер дұрыстығын бақылау
  • ▪ Үздік дипломға үміткер түлектер тізімін жасау

Байланыс

Мекенжай: Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 45а
№10 ғимарат, 102 кабинет

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі – жұма: 08:30–18:00
Түскі үзіліс: 12:30–14:00


RU KK  EN