Сыртқы коммуникациялар орталығы мен PR (бұдан әрі-Орталық) негізгі міндеттері:
- С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайтуға бағытталған бірыңғай ақпараттық саясатты жетілдіру;
- Ақпараттық кампаниялар мен PR іс-шараларын әзірлеу;
- Университет ішіндегі БАҚ-тың (аудио және ТВ өнімдері, ресми сайт) ақпараттық мазмұнын қамтамасыз ету және үйлестіру;
- Орталыққа келіп түсетін ақпаратты үйлестіру, университеттің барлық бөлімшелері арасындағы байланысты қамтамасыз ету (жаңалықтар), университет басшылығының саясатын қызметкерлерге, оқытушыларға және студенттерге жеткізу, озық тәжірибені насихаттау, оны игеру жолдарын көрсету, мәселелерді талқылау және жарнамалық бейнероликтер дайындау.