Спорт кешені


Атырау мұнай және газ университетінің спорт кешені дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға мүмкіндіктерді кеңейтеді, салауатты өмір салтына қажетті алғышарттар мен жағдайларды жасайды, жас ұрпақтың тәрбиесі мен денсаулығын сақтап, нығайту ісіне елеулі үлес қосады.

Спорт кешенінде төрт спорт залы бар:

  • Үлкен ойын залы: волейбол (ерлер және әйелдер), мини-футбол, үлкен теннис бойынша оқу сабақтары және спорт секциялары, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлерге арналған денсаулық топтары өткізіледі.
  • Кіші ойын залы: баскетбол, волейбол, гандбол бойынша сабақтар мен секциялар.
  • Би және жаттығу залы: «Зумба» фитнес тобы, әйелдерге арналған жаттығу сабақтары, би үйірмелері.
  • Жаттығу залы: тхэквондо, тай-бокс, айкидо, вин-чунь, джиу-джитсу, бокс, армрестлинг және атлетикалық гимнастика бойынша сабақтар мен секциялар.

Ашық спорт алаңдары және жазғы жаттығу кешендері:

  • Теннис корты
  • Баскетбол алаңы
  • Волейбол алаңы

Спорт кешені университеттің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері пайдаланады.

Жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін. Жыл мезгіліне байланысты жұмыс уақыты қысқартылуы мүмкін.


RU KK  EN