ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Халықаралық ынтымақтастық орталығыуниверситеттің шетелдік білім және ғылым мекемелерімен халықаралық ынтымақтастығын дамыту және үйлестірумен айналысады. Орталықтың мақсаты – халықаралық байланыстарды кеңейту, студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін мүмкіндіктер жасау және университетті әлемдік академиялық қауымдастыққа біріктіру.
Халықаралық ынтымақтастық орталығының негізгі бағыттары:
Халықаралық ынтымақтастық – әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарымен серіктестік қатынастар орнату және дамыту;
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары – студенттер мен оқытушыларға арналған алмасу бағдарламаларын, тағылымдамаларды және қос дипломдық бағдарламаларды ұйымдастыру;
Шетелдік студенттерді қолдау – шетелдік студенттердің бейімделуіне, оқуына және тұруына көмек көрсету;
Гранттар мен стипендиялар – халықаралық білім беру бағдарламалары, гранттар мен шетелде оқуға қаржылық қолдау мүмкіндіктері бойынша кеңес беру;
Халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру – конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және шетелдік ғалымдардың сапарларын ұйымдастыру;
Байланыс
📍 Мекен-жай: Атырау қаласы, Муса Баймуханов көшесі, 45А, Н.У. Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығы, 4-қабат, 6-кабинет.
📧 Email: s.indira@aogu.edu.kz
⏳ Жұмыс кестесі: Дүй-Жм: 09:00 - 18:00