ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ


Дуалды оқыту және мансап орталығы (бұдан әрі – Орталық) Университеттің академиялық блогының құрылымына кіреді және академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорға бағынады.


ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ :

МАҚСАТТАР

🔹Кәсіби практика ұйымдастыру

🔹Жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру

🔹Дуалды оқытуды ұйымдастыру және бақылау


ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ:

1 МАҚСАТ

Дуалды оқыту формасын ұйымдастыру

🔹Дуалды оқыту бойынша дерекқор қалыптастыру

🔹Дуалды оқыту мәселелері бойынша, оның ішінде түйіндеме жасау, сұхбатқа дайындық бойынша білім алушыларға кеңес беру

🔹Интернет-ресурста дуалды оқытуды ұйымдастыру, білім алушылардың жұмыспен қамтылуына және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы ақпаратты орналастыру

🔹Білім алушыларға дуалды оқытуға қажетті құжаттарды дайындау және рәсімдеу бойынша көмек көрсету

🔹Білім алушылардың арнайы киім алуына байланысты ақпаратты және дуалды оқыту жүйесі бойынша деректерді (мекенжай мәліметтері) оқу орнына жолдау

🔹Білім алушылардың оқу үдерісінің кестесін әзірлеу

🔹Дуалды оқытуға үміткер білім алушылармен кездесулер ұйымдастыру

🔹Білім алушыларға еңбек қауіпсіздігі техникасы бойынша рұқсат алу үшін оқыту ұйымдастыру

2 МАҚСАТ

Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру

🔹Кәсіби тәжірибе базаларымен келіссөздер жүргізу, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы ұсыныспен Университет атынан хаттар дайындау

🔹Кәсіби тәжірибе базаларын қалыптастыру мақсатында кәсіпорындармен шарттар жасау

🔹Интернет-ресурста кәсіби тәжірибені ұйымдастыру және өтуіне қатысты ақпаратты орналастыру

🔹Факультеттердің ұсынуы негізінде кәсіпорындарға хаттар дайындау арқылы кәсіби тәжірибені ұйымдастыру, яғни тәжірибе базаларына мерзімдері, кәсіби тәжірибе атауы, білім беру бағдарламасы, білім алушылардың саны және тізімі көрсетілген ақпаратты жіберу

🔹Университеттің тәжірибе жетекшілері мен білім алушылардың ЕҚжЕҚ (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау) маманымен онлайн немесе офлайн форматта кездесуін ұйымдастыру

🔹Тәжірибе базаларына барып немесе телефон қоңырауы арқылы тәжірибе өту барысын бақылау

🔹Білім алушыларға кәсіби тәжірибе бойынша сауалнама жүргізу

🔹Кәсіпорындардың тәжірибе жетекшілеріне кәсіби тәжірибені ұйымдастыруды жақсарту мақсатында сауалнама жүргізу

🔹Факультеттерден, факультет жетекшілерінен білім алушылардың кәсіби тәжірибеден өтуі бойынша есептерді жинау

🔹Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша құжаттаманы уақытылы дайындау мен есептілікті қамтамасыз ету

🔹Кәсіби тәжірибе базаларымен келісімшарттарды жаңарту

🔹Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру, өткізу және жетекшілік ету ережелері мен рәсімдерін әзірлеу

3 МАҚСАТ

Түлектерді жұмысқа орналастыру

🔹Әкімдіктердің, компаниялардың, кәсіпорындардың кадрлық қызметтерімен, халықты жұмыспен қамту орталығымен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен байланыс орнату және қолдау

🔹Университеттің интернет-ресурсында түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы ақпаратты орналастыру

🔹Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша статистика жүргізу және есептер дайындау, жұмыс орны туралы анықтамалар негізінде түлектердің жұмыспен қамтылуын бақылау, сондай-ақ жас мамандар мен философия докторларының (PhD) өз міндеттерін орындауы мен бюджет қаражатын өтеуін мониторингтеу және бақылау мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жұмыс жасау




      


БАЙЛАНЫСТАР


Дуалды оқыту және мансап орталығының жетекшісі





RU KK  EN