Белсенді студенттік өмір
«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ белсенді білім алушылар арасында келесідей клубтар жұмыс жасап келеді, олар әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысып, конкурстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. Атап айтсақ, клуб мүшелерін біріктіретін Студенттік парламент мүшелері бар және «Ғибрат» клубы, «Мен қазақша сөйлеймін», «Оқырмандар», «Бегім-ай» би тобы, «Жасыл энергетика», «Арт-терапия» «TEDxAOGU», Спорттан түрлі ойындарға қатысып жүрген команда, белсенді білім алушылардан құралған «Next Step» және «Oil’Up» клубтары белсенді жұмыс атқарып келеді.
«Ғибрат», «Мен қазақша сөйлеймін», «Оқырмандар», «Бегім-ай» би тобы, «Жасыл энергетика», «Арт-терапия» «TEDxAOGU», Спорттан түрлі ойындарға қатысып жүрген команда, белсенді білім алушылардан құралған «Next Step» және «Oil’Up».
Тәрбие жұмысы
Білім алушылар арасында тәрбие жұмысын түсіндіру қарқынды жүргізіледі. 2024-2025 оқу жылының факультет топ кураторлары өз топ білім алушыларына, Жалпы университет ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып (есірткі заттарын пайдаланбау және таратпау, зорлық-зомбылық қылмыстарын жасамау, тонау актілерін болдырмау, төбелестерге қатыспау және тағы басқа заң бұзушылықтарды болдырмау) жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналыс өткізілді. Әр топ кураторы хаттама толтырып, әр білім алушы танысып, қол қойды. Қыркүйек айынан бастап, кураторлық сағаттар жүргізіліп келеді.
Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысы білім алушылардың жан-жақты дамуына, азаматтық жауапкершілікті сезінуіне және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне бағытталады. Бұл жұмыстар оқу-тәрбие процесінің маңызды бөлігі болып табылады және келесідей бағыттарды қамтиды:
- Рухани-адамгершілік тәрбие: білім алушыларға моральдық-этикалық құндылықтарды түсіндіру, әдеп нормалары мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жөнінде тәрбие жұмыстары жүргізіледі;
- Патриоттық тәрбие: ұлттық құндылықтарды насихаттау, мемлекеттік мереке шаралары мен тарихи күндерге арналған шаралар, ардагерлермен кездесулер өткізу бағытындағы тәрбие жұмыстары;
- Құқықтық тәрбие: құқықтық сауаттылықты арттыру, білім алушыларға заң бұзушылықтың салдарын түсіндіру, жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыру сияқты тәрбие жұмыстары;
- Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты: спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізу, зиянды әдеттердің алдын алу бойынша дәрістер тыңдау тәрбие жұмыстары;
- Мәдени іс-шаралар: шығармашылық кештер, театр қойылымдары, өнер байқауларын ұйымдастыру, музыка, поэзия, күй сияқты шығармашылық бағыттарды дамыту сияқты тәрбие жұмыстары.