Caspian Hub on Sustainable Development Goals


Caspian Hub on Sustainable Development Goals (Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Каспий хабы, бұдан әрі - Caspian SDG Hub) Каспий аймағында БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал ету үшін мүдделі тараптардың күш-жігері мен бастамаларын біріктіру мақсатында құрылды.


Caspian SDG Hub мүшелері:
  • Әзірбайжан техникалық университеті (Әзірбайжан)
  • Астрахан мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)
  • Астрахан мемлекеттік университеті (Ресей)
  • Астрахан мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Ресей)
  • Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Қазақстан)
  • Дағыстан мемлекеттік университеті (Ресей)
  • Б.Б. Городовикова атындағы Калмык мемлекеттік университеті (Ресей)
  • Каспий теңіз және өзен көлігі институты (Ресей)
  • М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ (Қазақстан)
  • Баку мемлекеттік университеті (Әзірбайжан)
  • Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Қазақстан)


Каспийлік SDG хабы аясында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, студенттердің стартап-жобалары конкурстары мен хакатондар, конференциялар мен семинарлар өткізу, Каспийдің тұрақты даму желілік университетін құру жоспарлануда.

CASPIAN HUB ON SUSTAINABLE DEVELOPMENT GOALS шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісім
Caspian Hub on Sustainable Development Goals шеңберіндегі ынтымақтастық келісіміне қосылу туралы хаттың үлгісі
RU KK  EN