Қос диплом бағдарламасы

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Лешнодағы (Польша) Ян Амос Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетімен келісім бойынша қос дипломды бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.

Қос дипломды білім берудің бірлескен оқу бағдарламалары бакалавриаттың оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асады:

5В071800 – Электр энергетикасы / 6В07104 - Өнеркәсіптік энергетика

5В070200–Автоматтандыру жэәне басқару / 6В07101-Автоматтандыру және өндірісті басқару

5В050600 – Экономика / 6В04101 – Мұнай-газ бизнесі экономикасы

5В050700 – Менеджмент / 6В04102 – Мұнай-газ бизнесі менеджменті

Қос дипломды бағдарлама бойынша оқу мерзімі - бірдей немесе жақын мамандықтар бойынша 4 жыл.


Қос дипломды бағдарламаға оқуға түсу тәртібі:

Ақылы негізде де, мемлекеттік тапсырыспен (грант) оқитын студенттер де қос дипломды бағдарлама бойынша оқуға құқылы.

Студенттер жеке өтінім бойынша AтМГУ-де және Лешно қаласындағы Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік мектептегі қабылдау ережелеріне сәйкес қабылданады.

Оқу мерзімі: Атырау мұнай және газ университетінде 1 және 4 курстары (Қазақстан Республикасы, Атырау қ.), 2 және 3 курстар - Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру мектебінде (Польша, Лешно).

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін студент екі диплом алады – АтМГУ және Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру мектебі.


RU KK  EN