«Foundation» оқу бағдарламасы туралы

  • «Foundation» оқу бағдарламасы (бұдан ары – ОББ) «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі ретінде Университет ректорының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
  • ОББ орналасқан жері: Атырау қаласы, Вокзал маңы ықшам ауданы, Баймұханов көшесі, 45а, №9 оқу корпусы.
  • ОББ мақсаты – білім беру қызметін көрсету, жастарды жұмысқа даярлау, 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерін Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген талапкерлердің кешенді тестілеуіне, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау.
  • ОББ жастар мен студенттердің жалпы білім деңгейін көтеру, жоғары оқу орындарына түсу үшін қажет білімді тереңдету (ұлттық бірыңғай тест және кешенді тестілеу тапсыру) мақсатында жүзеге асырылады.
  • ОББ-на 10-11 сынып оқушылары, жұмыс істейтін жастар және колледж студенттері, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе босқын мәртебесіне ие, Қазақстан мен ТМД, сонымен қатар шет мемлекеттер азаматтары қабылданады.
ОББ оқу үшін оқушылар мына құжаттарды тапсыруы керек:
  • басшының атына белгіленген үлгідегі өтініш;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • 3 х 4 өлшемдегі 2 фотосурет;
  • рентгенофлюрография;
  • оқу орнынан анықтама.
ОББ-на жұмысқа АтМГУ оқытушылары және тиісті біліктілігі бар басқа да тұлғалар тартылады.

ОББ оқушылары оқу ғимараттарын, кітапханалар мен басқа да қызмет түрлерін Университет студенттерімен бірдей құқықта пайдалана алады.

Оқу ұзақтығы - 8 айға дейін.

ОББ негізгі міндеттері:
  • Мектеп бағдарламасындағы пәндерді тереңдетіп оқыту.
  • Оқушыларды, жұмыс жасайтын жастарды және колледж студенттерін жоғары оқу орындарына түсуге, ұлттық бірыңғай тестілеуден және талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізуге мектеп бағдарламасының пәндері бойынша дайындау.
  • Оқушыларға және колледж студенттеріне мамандық таңдауда көмек көрсету.
  • Атырау қаласының және облыстың оқу орындарымен ынтымақтастық.
  • Жұмысшы жастарға, 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне білім беру кесте бойынша сенбі мен жексенбіде өткізіледі.
  • Оқыту екі тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс.
  • Оқу жылы 1 қазанда басталады.
RU KK  EN