Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларын міндетті түрде қайта тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауыстыру.

С. Өтебаев атындағы АтМГУ-да академиялық ұтқырлықтың мынадай түрлері бар:

  • ішкі (ұлттық);
  • сыртқы (халықаралық);
  • қысқа мерзімді;
  • ұзақ мерзімді.

Ішкі (Ұлттық) академиялық ұтқырлық – білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңге (семестр/оқу жылы) оқу, практикадан өту үшін Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына өз жоғары оқу орнында кредиттер түрінде игерілген білім беру бағдарламаларын міндетті түрде қайта тапсыра отырып, орын ауыстыруы.

Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық – білім алушылардың белгілі бір кезеңге (семестр/оқу жылы) оқу, практикадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орнына немесе шетелдік жоғары оқу орнынан өз жоғары оқу орнында кредиттер түрінде игерілген білім беру бағдарламаларын міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып орын ауыстыруы.

Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық – білім алушыларды оқу немесе практикадан өту үшін 10 күннен 4 айға дейінгі мерзімге ауыстыру.

Ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық – білім алушыларды оқу немесе практикадан өту үшін 4 айдан астам мерзімге ауыстыру.

С. Өтебаев атындағы АтМГУ студенттерінің академиялық ұтқырлығын жүзеге асырудың тиімді тәсілі оларды серіктес жоғары оқу орындарына жіберу мыналарды қамтиды:

  • Қос дипломдардың (дәрежелердің) бірлескен бағдарламалары шеңберінде);
  • жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде (екінші дипломды берместен), оның ішінде академиялық алмасу бағдарламалары шеңберінде;
  • оқу, зерттеу, өндірістік практикадан өту;
  • бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары шеңберінде оқыту;
  • білім беру бағдарламасының элективті пәндерін меңгеру шеңберінде оқыту;
  • жазғы мектептерге (семестрлерге) қатысу.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жолдаманы ұйымдастыру мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

- халықаралық шарттар (халықаралық бағдарламалар, меморандумдар және ынтымақтастық туралы шарттар, алмасу және стипендиялық бағдарламалар);

- Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған шарттар;

- бағдарламаға қатысушыға шетелдік немесе қазақстандық университеттен ресми шақыру.


Академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпарат Университеттің веб-сайтында, оқу кампустарындағы хабарландыруларда жарияланады және ішкі ақпараттық арналар арқылы және факультеттер мен International office арқылы білім алушылардың назарына жеткізіледі.

Білім алушыларды академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберу:

  • республикалық бюджет қаражаттары;
  • С. Өтебаев атындағы АтМГУ ақылы қызметтерді іске асырудан алынған кірістер;
  • жұмыс берушілердің, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестердің, халықаралық және отандық қорлардың гранттары және стипендиялар;
  • білім алушылардың жеке қаражаты.

Академиялық ұтқырлыққа үміткерлер оқудың барлық циклдарының (бакалавриат және магистратура) білім алушылары бола алады. Оқу ақысы және пәндер бойынша берешегі бар білім алушылар жазғы семестрге бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

RU KK  EN