Халықаралық жобалар

Эразмус+ – білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың 2014-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы.

Эразмус+ бағдарламасы білім беру және оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ, адамдардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсартуға және дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Толығырақ  http://www.erasmusplus.kz/index.php/ru/erasmus-ru/about-er

 

Дж. Вильяма Фулбрайт бағдарламасы 1946 жылы Америка халқы мен әлемнің әртүрлі елдеріндегі адамдар арасындағы өзара келісімді насихаттау үшін құрылған. Бүгінгі таңда Фулбрайт бағдарламасы әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі болып табылады. Бұл бағдарламаның бүкіл әлем бойынша жүздеген түлектері саясатта, білім беру саласында, журналистикада және жеке секторда жоғары лауазымдарға ие.

Шақырылған ғалымдарға арналған Фулбрайт бағдарламасы аясында қазақстандық зерттеушілер Америка университеттерінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Америка Құрама Штаттарына бір оқу жылына дейінгі мерзімге бара алады.

Толығырақ http://kazakhstan.usembassy.gov/fulbright_program.html

 

Global UGRAD бағдарламасы әлемнің түрлі елдерінен келген студенттерге диплом алмай, АҚШ колледждері мен университеттерінде бір оқу семестрін өткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта төрт жылдық бакалавриат бағдарламаларының алғашқы екі курсында немесе бес жылдық бакалавриат немесе мамандық бағдарламаларының алғашқы үш курсында, күндізгі бөлімде оқитын студенттер қатыса алады. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу көрнекті үлгерім, көшбасшылық қасиеттер және жазбаша және ауызша ағылшын тілін жақсы білу негізінде жүзеге асырылады.

Толығырақ http://ru.usembassy.gov/ru/education-culture-ru/ugrad-ru

 

Тіл үйрету клубтары

«Parli Italiano» итальян тілі клубы – волонтер оқытушы Marisa Ziparo

Сабақ кестесі: 

сейсенбі: жетілдірілген топ 11.00-ден 12.00-ге дейін,

сәрсенбі: бастауыш топ 15.00 - ден 16.00-ге дейін.

 

Сабақтарды өткізу орны:

Баймұханов к-сі, 45а, №10 корпус, 2 қабат Планета

 

 

«English club» ағылшын тілі клубы – Теңізшевройл жанынан құрылған «Ынтымақ» қоғамынан «Pyxera Global» ерікті оқытушылар. Marie Stanford, Alice Arandia, Mable Reedy, Deborah den Hesder

Сабақ кестесі:

дүйсенбі: жетілдірілген топ 11.30-дан 12.30-ға дейін,

сейсенбі: бастауыш топ 16.00 - ден 17.00-ге дейін, жұма 14.00-ден 15.00-ге дейін.

Сабақтың өтетін орны: Баймұханов к-сі, 45а, №10 корпус, 2 қабат Планета

 

 

Шетелдік ғалымдар

«Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы аясында серіктес жоғары оқу орындарынан біздің университет студенттеріне дәріс оқу үшін Nevada Biotechnology and Health Science Consortium, Las Vegas, USA, Братиславадағы экономикалық университеттен (Словакия), Ресей халықтар достығы университетінен (РУДН), И. М. Губкин атындағы Мұнай және Газ РМУ-нен, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Геология және геофизика институтынан, Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінен ( Ресей), Астрахан мемлекеттік техникалық университетінен (Ресей), «"Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» ғылыми-зерттеу және жобалау институтынан (Ресей), «Компьютерлік мұнай технологиялары орталығынан» (Ресей), Астрахан мемлекеттік университетінен (Ресей), Түмен индустриялық университетінен (Ресей), Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясынан (Ресей), «Харьков политехникалық институты» Ұлттық техникалық университетінен (Украина), Қазан ұлттық зерттеу - технологиялық университетінен (Ресей), Әзірбайжан Республикасы ҰҒА Мұнай және газ институтынан (Әзірбайжан) ғалымдар шақырылды.

RU KK  EN