Дуальды оқыту — бұл кәсіптік білім берудің бір түрі, онда білім алушыларды даярлаудың практикалық бөлігі жұмыс орнында, ал теориялық бөлігі – білім беру ұйымының базасында өтеді.
Басты мақсат — өндірісте жұмыс істеудің базалық дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және бейінді білім беру жүйесінде дуальді білім берудің қазақстандық моделін әзірлеу.
2015 жылдан бастап С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінде жоғары білім беру жүйесінде алғаш рет дуалды оқыту енгізілді. Дуальды оқыту білім беру мен бизнестің өзара іс-қимылын көздейді, соның нәтижесінде білікті мамандарды даярлау тиімділігі артады. Дуалды оқытудың тікелей қатысушылары студент, өндірістік кәсіпорын және ЖОО болып табылады.
Дуалды оқыту және мансап орталығы
Дуалды оқыту және мансап орталығы (әрі қарай - Орталық) Университеттің академиялық блогының құрылымына жатады және академиялық сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорға бағынышты.
Орталық қызметінің мақсаты – кәсіби практикаларды ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша шаралр ұйымдастыру, дуалды оқытуды жүзеге асыру және бақылау.
Орталықтың міндеттері мен атқаратын қызметтері
1. Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру
-
Кәсіби тәжірибе базаларымен келіссөздер жүргізу, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру ұсынысымен университет атынан хаттар дайындау;
-
Кәсіби тәжірибеден өту базаларын қалыптастыру мақсатында кәсіпорындармен келісім-шарттар жасау;
-
Интернет-ресурста кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға және өтуге қатысты ақпаратты орналастыру;
Факультеттердің ұсынысына сәйкес кәсіби тәжірибеден өту базаларына хаттар дайындап жіберу. Хатта тәжірибе жинауға бағытталған білім алушылардың аты-жөні, саны, тәжірибе атауы және білім беру бағдарламаларының атауы және тәжірибеден өту мерзімі көрсетіліу керек.
онлайн немесе офлайн форматта университеттің тәжірибе жетекшілері мен студенттердің қауыпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бөлімінің маманымен кездесуін ұйымдастыру
тәжірибеден өту базаларына бару немесе телефон соғу арқылы практиканың өту барысын бақылау
студенттерге кәсіптік тәжірибе бойынша сауалнама жүргізу
кәсіптік практиканы ұйымдастыруды жақсарту үшін кәсіпорынның тәжірибе жетекшілеріне сауалнама жүргізу
студенттердің кәсіптік практикадан өтуі туралы факультеттердің, тәжірибе жетекшілерінің есептерінің жинау
кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша есептілік пен құжаттаманы уақтылы беруді қамтамасыз ету
кәсіптік практика негіздерімен келісім-шарттарды жаңарту;
Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру, өту және басқарудың ережелері мен рәсімдерін әзірлеу
2. Дуалды оқытуды ұйымдастыру
дуалды оқыту базаларын жасақтау;
дуалды оқыту бойынша білім алушыларға кеңес беру, соның ішінде түйіндеме жасау, сұхбаттасудан өтуге дайындау;
Университеттің интернеттегі парақшаларына дуалды оқытуға қатысты мәліметтерді орналастыру;
студенттерге дуальды оқыту бойынша құжаттарды дайындауға және ресімдеуге көмектесу
дуалды оқыту кезінде білім алушыларға қажетті арнайы киім –кешек, жеке қорғаныс құралдары жөнінде мәліметтер жинақтап, кәсіпорынға ұсыну;
дуалды оқыту оқу үдерісінің кестесін жасау (әр академиялық топ бойынша - жеке)
дуальды оқуға ынталы үмітркерлер мен кездесулер өткізу,
Дуалды оқуға қажетті білім алушыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша рұқсатнама алу үшін арнайы курстар ұйымдастыру
3. Түлектерді жұмысқа орналастыру
Әкімшіліктермен, кәсіпорындармен, мекемелермен, халықты жұмыспен қамту орталықтары мен және «Атамекен»
Университеттің интернеттегі парақшаларына түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты мәліметтерді орналастыру
түлектердің жұмыс орнынан алған анықтамалары негізінде, сондай-ақ зейнетақы жарналарының есебін тексеру арқылы халыққа қызмет көрсету орталығы ұсынған мәліметтер есебінен түлектердің жұмысқа орналасуы туралы статистиканы жүргізу және есептерді жасау;
Университет аумағында және оның сыртында түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу: «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері», «Мансап күндері», кәсіпорындар мен олардың мамандықтарының тұсаукесері, тақырыптық көрмелер, семинарлар, конференциялар (т.б.)
Жұмыс берушілермен кездесулерді (факультеттермен бірге) ұйымдастыру және өткізу
«Сұқбаттасудан қалай өту керек», «Жұмысты қайдан және қалай іздеу керек», «Резюмені қалай жазу керек» және т.б. тақырыптар бойынша арнайы тренингтер өткізу үшін арнайы мамандарды мамандарды шақыру;
түлекті жұмысқа қабылдауға өз бетінше ниет білдірген жұмыс берушілерге ұсыну үшін бітіруші курс студентерінің түйіндемелерін жинау
Университет түлектерін жұмысқа бөлу және орналастыру бойынша арнайы комиссия құру, комиссия отырысын ұйымдастыру және өткізу
Дуалды оқыту жүзеге асырылып жатырған білім беру бағдарламаларының атауы
білім беру бағдарламаларының атауы |
Кәсіпорын атауы |
Басталу жылы |
6В07203-Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану |
АҚ «Ембімунайгаз», ЖШС «СБП «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» |
2015 |
6В07104-Өнеркәсіптік энергетика |
АҚ «Ембімунайгаз» |
2016 |
6В07101-Өндірісті автоматтандыру және басқару |
ЖШС «АРТС» |
2016 |
6В07106-Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
ЖШС «АМӨЗ» |
2016 |
6В07107-Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары |
ЖШС «АМӨЗ» |
2016 |
6В07201-Геология және мұнайгаз кенорындарын барлау |
АҚ «Ембімунайгаз» |
2016 |
6В07102 -Көлік, көліктік техника және технологиялары |
ЖШС«Бертлинг Казах Лоджистикс» |
2017 |
6В04103-Мұнайгаз бизнесіндегі есеп және аудит |
ЖШС «Бертлинг Казах Лоджистикс» |
2017 |
6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінін қауіпсіздігі |
ЖШС «АтырауНефтеМаш» ЖШС «СБП «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» |
2022 |
6В11301-Қозғалысты ұйымдастыру, көлікті басқару және логистика |
ЖШС «Бертлинг Казах Лоджистикс» |
2022 |
6В06201-Инфокоммуникациялық жүйелер мен желілер |
АҚ «Транстелеком» |
2021 |
6В04102- Менеджмент |
ЖШС «Бертлинг Казах Лоджистикс» |
2022 |
6В07205-Құрылықта және теңізде мұнай – газ құбырлары мен мұнай – газ қоймаларын жобалау және пайдалану 6В07104-Өнеркәсіптік энергетика 6В07101-Өндірісті автоматтандыру және басқару 6В07107-Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары 6В07106-Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
АО «Интергаз Орталық Азия» ЖШС «Gas Processing Company» |
2023 |
6В04101- Мұнайгаз бизнесіндегі экономика 6В04102-Мұнайгаз бизнесіндегі менеджмент 6В04103-Мұнайгаз бизнесіндегі есеп және аудит 6В04104-Мұнайгаз бизнесіндегі қаржы |
АҚ «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» |
2023 |