Дуальді оқытуға білім алушыларды іріктеу

«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ дуалды оқыту бағдарламасына 3 курстан бастап білім алушылар қабылданады. Студенттерді дуальды оқытуға қабылдау университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша қабылданған «дуальды оқыту үшін студенттерді іріктеу туралы Ереже» талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Дуальді білім беру бағдарламасына білім алушыларды іріктеу үшін қойылатын талаптар:

  • үлгерімі жақсы болу (GPA 3.33 кем емес);
  • білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық дайындықты көрсете білу;
  • білім алушының әлеуметтік мәртебесі;
  • вахталық әдіспен өндірістік жұмыстың қиындықтарына мықты денсаулық және психологиялық тұрақтылық;
  • жоғары ұйымдастырушылық және тәртіп;
  • жұмысшы біліктілігінің болуы (жұмысшы мамандығын беру туралы куәлік немесе жұмысшы мамандықтары бойынша оқу туралы анықтама);
  • жаман әдеттердің болмауы;
  • бейімділік.

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың атына еркін нысанда өтініш береді және қажетті анықтамаларды қоса береді:

  • сотталмағандығы туралы және ішкі істер органдарында тіркелмегендігі туралы анықтама;
  • психиатриялық диспансерден және наркологиядан анықтама;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (086У нысаны).
RU KK  EN