Н. К. Нәдіров атындағы Мұнайхимия инженериясы және экология институты
Қанбетов Асылбек Шахмұратұлы
Н. К. Нәдіров атындағы Мұнайхимия инженериясы және экология институты деканы б. ғ. к., профессор
Деканның үндеуі
Құрметті достар!
Сіздің алдыңызда болашақ мамандығыңызды таңдауда маңызды міндет тұр. Әрине, сізге бұл мамандықты ұнату өте маңызды және оның қазіргі еңбек нарығында пайдалы және сұранысқа ие болуы да аса маңызға ие.
Біздің Н.К. Нәдіров атындағы Мұнайхимия инженериясы және экология институты мыңдаған жоғары білікті мамандар дайындады және олар тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де табысты қызмет атқаруда. Біздің түлектер экономикалық, саяси, ғылыми және басқа да қызмет салаларындағы ұйымдарда лайықты орын алады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасы практикалық мамандықтарға, табиғат заңдарын, техника мен технологияларды терең білетін адамдарға мұқтаж. Мұндай мамандықтарды біздің институттан алуға болады. Институт мұнай мен газдың химиялық технологиясы, мұнай химиясы, экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын жүзеге асырады.
Оқытудың көп деңгейлі жүйесі, білім беру бағдарламаларының әртүрлілігі және олардың траекториялары біздің түлектерімізді даярлаудың көп бейінділігін қамтамасыз етеді.
Біздің студенттердің білімін қалыптастыруға шетелдік серіктес ЖОО, академиялық ұтқырлық бағдарламаларыда кіреді. Дәріс оқу үшін отандық, шетелдік жетекші профессорлар мен өндірістің тәжірибелі өкілдерін шақыру тәжірибесі кеңінен қолданылады.
Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметімен қатар сіз әртүрлі әлеуметтендіру жобаларына қатыса отырып, шығармашылық және спорттық қабілеттеріңізді дамытуға мүмкіндік аласыз.
Біз әрқашан біздің арамызда талантты және ынталы жастардың қосылғанына қуаныштымыз және сізді біздің институт студенттерінің арасынан көреміз деп үміттенеміз. Біздің есіктер сіз үшін әрқашан ашық!
Н. К. Нәдіров атындағы
Мұнайхимия инженериясы және экология институты деканы
б. ғ. к., профессор
Қанбетов Асылбек Шахмұратұлы
Индустриалды-технологиялық факультет 2015 жылы Технологиялық және механикалық факультеттер негізінде құрылды. 2021 жылы факультет Н.К. Нәдіров атындағы Мұнайхимия инженериясы және экология институты болып өзгертілді.
Институттың негізгі қызметі мұнай-газ химиясы саласы үшін білікті мамандарды даярлауға, мұнай-газ кластерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жоғары мектеп пен салалық ғылым ресурстарын біріктіруге қабілетті жетекші ғылыми білім беру, инновациялық және мәдени орталық ретіндегі университеттің рөлін нығайтуға бағытталған.
Институтта химиялық технология, мұнай-химия, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында дайындық жүргізілуде.
Миссиясы – жоғары сапалы білім беру және зерттеу арқылы саланың болашақ көшбасшылары - жаңа буынның жоғары білікті кадрларын даярлау.
Мақсаты – Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын технологиялық әртараптандыру мүддесінде түлектердің, білім беру бағдарламаларының, Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің сапасын, бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысын қамтамасыз ететін білім беру, ғылыми және әлеуметтік қызметтің дамыған инфрақұрылымы бар инновациялық институт ретінде Н.К. Нәдіров атындағы Мұнайхимиясы инженериясы және экология институтын жаңғырту.
Институт деканы
б. ғ. к., профессор - Қанбетов Асылбек Шахмұратұлы
Факультет "АМӨЗ" ЖШС, Worley Parsons, Fluor, "Атырау Жарық" АҚ, "KEGOC" АҚ, "Энергоинформ" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, ТШО, "Атыраумұнаймаш" ЖШС, "Ембімұнайгаз" АҚ, "Жігермұнайсервис" ЖШС, "БЕРТЛИНГ ҚАЗАҚ ЛОДЖИСТИКС" ЖШС, "Казтурборемонт" ЖШС, "АТЭЦ" АҚ, KPI, атмосфералық ауаны қорғау ЖҒО,. "АтырауБетонСнаб" ЖШС, "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ АҚ және т. б. шарттар негізінде Атырау өңірінің жетекші кәсіпорындарымен тығыз жұмыс атқарады.
Сондай-ақ кәсіпорындарда факультет кафедраларының 17 филиалы жұмыс атқарады . Студенттер кәсіби практикадан өтеді және әрі қарай жетекші кәсіпорындарда жұмысқа орналасады. Факультет бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі «Күндізгі оқі нысаны» бойынша - 76 %, «Сырттай оқу нысаны» бойынша– 80% құрайды.
Ғылыми зерттеулер
Жобалар: ғылыми-қолданбалы зерттеулер.
Жоғары сапалы отындарды, майларды, химия өнеркәсібі үшін шикізатты және басқа да өнімдерді алу мен өндіруді арттыру мақсатында Батыс Қазақстандағы көмірсутек шикізатын өңдеу және пайдалану тиімділігін арттыру.
Мұнай-химия өндірісі үшін ілеспе мұнай газ кешенді пайдалану және құрамында күкіртсутегі бар мұнай кен орындарын игерумен өңірдің экологиялық проблемаларын шешу.
Мұнай іздестіру операцияларының Каспий теңізінің Қазақстандық секторының экологиялық жағдайына әсерін зерттеу және мұнай дақтары дрейфінің математикалық моделін әзірлеу.
Индер көлінің табиғи суларын ұтымды пайдалану мүмкіндігі туралы ғылыми негіздеме әзірлеу.
Атырау облысы шекарасындағы солтүстік-шығыс Каспийдің жағалау белдеуінің фондық жай-күйі.
Шағын көлемді автономды электр энергетикалық кешенін әзірлеу ( АЭТК-2000)
Мұнай газ өнеркәсібін бұрғылауға арналған машиналар мен жабдықтар; мұнай және газ өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар; Ұңғымаларды бұрғылау және игеру технологиясы.
Көліктегі басқарудың автоматтандырылған жүйелері; Көлік логистикасы, жол жағдайлары; қозғалыс қауіпсіздігі, жүк тасымалдары.
Мұнайды бастапқы өңдеу қондырғыларында коррозия ингибиторларын беруді оңтайландыру жөніндегі зерттеу
New Courses in Geospatial Engineering for Climate Change Adaptation of Coastal Ecosystems - GEOCLIC / Жағалаудағы экожүйелерді климаттың өзгеруіне бейімдеу үшін жаңа геокеңістіктік инженерия курстары- GEOCLIC, Erasmus+
Жаңалықтар мен оқиғалар
07.11.2020г. «Жаңа жылға дейінгі 100 игі іс» жобасы аясында «Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» және «Атырау қаласының азаматтық кеңесінің» қолдауымен оның төрағасы Олжас Сұлтанов бастаған «Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы», «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің» индустриалды-технологиялық факультеті Жаңа Геолог паркінде сенбілік ұйымдастырылды. Оны Азаматтық кеңес мүшесі, Атырау қаласының белсендісі Руслан Күмісқалиев басқарады. Біз 100-ге жуық жас ағаш отырғызған саябақта учаске бөлінді, әр сенбілікте факультет көшеттерге күтім жасап, саябақты абаттандыруды жоспарлап отыр, бірнеше жылдан кейін үлкен гүлдейтін жасыл саябаққа айналады дп сенеміз!
Техникалық жабдықтау (мамандандырылған зертханалар)
«Геоэкология» ғылыми зерттеу зертханасы
Негізгі (басым) ғылыми бағыттар:
Көмірсутек ресурстарын әзірлеуге байланысты Каспий теңізі қайраңындағы және оның жағалауындағы қазіргі заманғы экологиялық ахуалды талдау.
Жайық өзені атырауының қазіргі экологиялық жағдайы.
Экожүйелердің өздігінен және антропогендік өзгерістері мониторингінің ғылыми-әдістемелік негіздері.
ИБЗ «Нефтехимия»
"Мұнай химиясы" ИБЗ-ның басым ғылыми бағыттары:
көмірсутек шикізатын терең өңдеу технологияларын зерттеу;
мұнай және мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу;
депрессорлық және октан көтеруші қосындыларды, коррозия ингибиторларын және мұнай химиясының басқа да бағалы өнімдерін синтездеу;
лас жолдар құрылысында мұнаймен және мұнай шламымен ластанған топырақты кәдеге жарату және қолдану;
мұнай битумдары мен битум эмульсияларын Гидрооқшаулағыш және жол жабындарында тұтқыр ретінде зерттеу.
Хабардар бол
Жаңалықтар мен оқиғалар
6.
January, 2023
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы
2.
January, 2023
Химия пәнінен Сафи Өтебаев атындағы олимпиада
26.
December, 2022
Астанада Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналыс-форумы өтті
22.
December, 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт енгізілді