Мамандық туралы
Осы мамандық бойынша мамандарды дайындауды "Химия және химиялық технология" кафедрасы жүзеге асырады. Аталған мамандық бойынша біліктілігі мен академиялық дәрежесі – техника ғылымдарының магистрі берілетін мамандарды даярлау жүргізіледі.
Оқыту барысында білім алушылар көмірсутек шикізатын өңдеу және органикалық заттарды синтездеу технологиясының негіздері оқытылады, Мұнай және газды кешенді өңдеу технологиясы бойынша білім алады, мұнай өнімдерінің кең ассортиментін алу мақсатында (бензин, авиациялық керосин, ракеталық отын, сұйытылған газ, минералды және синтетикалық жағар май, полимерлер және мұнайхимияның басқа да өнімдері).
7М07102 – "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша магистрлер "Мұнай-газ өңдеу" және "Мұнай-химия" білім беру бағдарламасын игеріп Инженер-технолог; Мұнай-химия инженері; Мұнай және газды қайта өңдеу шебері; табиғи газды тазалау және қайта өңдеу жабдықтарының операторы қызметтерін атқара алады;
Конденсатты жинау және тазалау жөніндегі Оператор; технологиялық қондырғыларды басқару пультінің операторы; Технологиялық қондырғылардың операторы, сондай-ақ кіші ғылыми қызметкерлер, инженер-зертханашылар, ғылыми-зерттеу институттарының, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары.
Оқу үрдісінде сабақтарды өткізудің инновациялық білім беру технологиялары кеңінен қолданылады (іскерлік және рөлдік ойындар, тренингтер, ғылыми-зерттеу зертханалары мен өндірістік кәсіпорындарға көшпелі сабақтар, Мұнай және газдың химиялық технологиясы саласындағы жобалық жұмыстарға қатысу. Сондай-ақ, мұнай-газ өңдеу саласында жұмыс тәжірибесі бар жетекші мамандармен кездесулер қарастырылған.