Мамандық туралы
Докторантура8D071- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар мен жабдықтар»
Оқу бағдарламасы туралы
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар мен жабдықтар» атты білім беру бағдарламасының мақсаты-көшбасшылық қасиеттері, мәдениеті жоғары, азаматтылығы бар, өнеркәсіптік, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және академиялық салаларда жоғары білікті қызметті жүзеге асыруға қабілетті мақсатты, еңбекқор мамандарды дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасы құзыреттілік тәсіл негізінде модульдік қағида бойынша құрылған.
Келесі оқыту траекториялары қарастырылған:
⦁ Көмірсутек шикізатын терең өңдеудің инновациялық технологиялары.
⦁ Жаңа машиналарды, аппараттарды және процестерді жобалау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты университет миссиясын көрсетеді- жоғары сапалы білім беру және зерттеулер арқылы саланың болашақ көшбасшылары – жаңа буын жоғары білікті кадрларын даярлау.
Білім беру бағдарламасы ҚР Ұлттық біліктілік шеңберінің 8 деңгейімен, Дублин дескрипторларымен, Жоғары Білім берудің Еуропалық Кеңістігінің Біліктілік Шеңберінің 3 циклімен (A Framework for Qualificatiof the European Higher Education Area), сондай-ақ өмір бойы білім беру үшін Еуропалық Біліктілік Шеңберінің 8 деңгейімен үйлестірілген (The European Qualification Framework for Lifelong Learning).
С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінде 8D07101-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар мен жабдықтар» бойынша ББ PhD философия докторларын даярлаудың бірегейлігі мыналармен анықталады:
- Университет Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін еліміздің базалық ЖОО қатарына кіреді;
- Университетте «Мұнайхимия» инженерлік бейіндегі аккредиттелген зертхана жұмыс істейді;
- Университет мұнай астанасы- Атырау қаласында, Ресей және алыс шетел кәсіпорындарында кәсіби практикалар мен тағылымдамалардың кең базасына ие.
- Университетте мамандарды даярлау аймақтық еңбек нарығының талаптарын, өңір мен Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының жағдайы мен даму перспективаларын ескере отырып жүргізіледі.
Бағдарламаның әлеуеті мыналарға негізделген:
- Каспий теңізі қайраңындағы көмірсутек шикізатының перспективалық қорларымен, Батыс Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарына жақындығымен және тиісінше өңірде мұнай-химия кешенінің жетекші өндірістік компанияларының шоғырлануымен;
- жаңа өнеркәсіптік объектілерді: газ-химия кешенін («Теңізшевройл» БК үшінші буын зауыты, Қарабатандағы мұнай-химия кешені, пластмасса зауыты және перспективада каучуктар), Атырау МӨЗ-де араматты көмірсутектер өндіру жөніндегі кешенді және мұнайды терең өңдеу кешенін іске қосу, сондай-ақ терафтал қышқылы мен техникалық көміртек өндірісінің болашақ құрылысын салу;
- табиғатқа техногенді әсерді күшейту және заманауи қалдықсыз технологияларды енгізу қажеттілігі.
- шығарылатын химиялық және мұнай-химия өнімдерінің ассортиментін оңтайландыру және арттыру, олардың сапасы мен экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатаңдату;
- креативті ойлауға және батыл шешімдерге қабілетті, терең ғылыми және педагогикалық білімі бар ғылыми-зерттеу міндеттерін шешудегі инновациялық тәсілдерді әзірлеуде зерттеушілерге, университеттердің профессорлық-оқытушылық кадрларына, жоғары буын менеджерлеріне жоғары сұранысқа ие;
Оқу курстары аясында ресейлік және шетелдік компаниялардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер, сарапшылар мен мамандардың мастер-кластары, техникалық базаны және өңірдің бейінді кәсіпорындарының жоғары білікті мамандарын тарту, жетекші ресейлік және шетелдік компаниялар мен университеттерде тағылымдамадан өту қарастырылған.