Мамандық туралы
Осы бакалаврды дайындау бағдарламасы екі мамандандырудан тұрады. Олар: «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» және «Мұнайгаз өңдеуші зауыттардың машиналары мен жабдықтары».
Оқу үрдісінде сабақтар инновациялық білім технологиясын («Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының оқу-өндірістік бөлімшесі шеңберінде мекемелердің базасында ұйымдастырылған сабақтар, істік және рольдік ойындар, тренингтер) қолдана отырып жүргізіледі. Сонымен қатар мұнайгаз саласының мекемелерінің үздік мамандарымен және жетекшілерімен кездесулер де қарастырылған.
Студенттер білімдерін жетілдіру үшін халықаралық қатынастар арқылы шетелде қосымша білім ала алады және тағылымдамадан өте алады (академиялық ұтқырлық).
Студенттер, сонымен қатар, кәсіби білім берудің дуалды жүйесі бойынша да оқи алады. Бұл жүйе бойынша студенттер теориялық сабақтарды оқу орнында оқыса, өндірістік сабақтарды өндірістік мекемелерде оқиды. Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіптік қызмет саласы мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтарын (бұрғылау және мұнайкәсіпшілік жабдықтарын немесе мұнайгаз өңдеуші зауыттардың жабдықтарын) жобалау, өндіру, пайдалану және жөндеуге байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған адам қызметінің құралдары мен әдістерінің жиынтығын қамтиды.
Бакалавриат бағдарламасын игерген түлектердің кәсіптік іс-әрекетінің саласы мұнай-газ саласының машиналары мен жабдықтарын (бұрғылау және мұнай кәсіпшілік жабдықтары) жобалауға, өндіруге, пайдалануға және жөндеуге байланысты күрделі мәселелерді шешуге бағытталған адам қызметінің құралдары, әдістері мен әдістерінің жиынтығын қамтиды.
6В07107-«Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша білім алған бакалавриат түлегі төмендегідей салаларда қызмет ете алады:
- мұнайгаз өнеркәсібінің мекемелері;
- машинажасау зауыттары;
- ғылыми-зерттеу және жобалау институттары;
- отандық және шетелдік ірі мұнайгаз компаниялары;
- теңізде және құрлықта мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауда;
- теңізде және құрлықта мұнай және газды өндіруде;
- мұнай мен газды тасымалдау және сақтау мекемелерінде;
- мұнайгаз өңдеуші зауыттарда;
- мемлекеттік мекемелерде және т.б.
ҰБТ пәндері: математика - физика