Мамандық туралы
Берілген білім беру бағдарламасының пәндерін оқу білім алушыларға кәсіби қызметті жүзеге асыру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді: құрылыс құрылымдарын жобалауға, ғимараттар мен имараттар элементтерінің есебін жүргізуге, техникалық шешімдерді ресімдеуге, экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, құрылыс және қайта құруға техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
Осы бағдарлама бойынша бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейі құрылыс салаларының негізгі ұстанымдарына негізделген және 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №7/2018 хаттамамен бекітілген құрылыс саласындағы біліктіліктің Салалық шеңберінде және 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №344 хаттамамен бекітілген "Тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу" кәсіби стандартына негізделеді.
Бакалавр дәрежесін алған тұлғалар басқару жүйесінің орта және жоғары буынының басшылары ретінде білікті жұмыс істеу үшін барлық қажетті білімі мен тәжірибелік дағдыларына ие және кейіннен өз қызметін әртүрлі басшылық лауазымдарда жүзеге асыра алады.
ҰБТ пәндері: математика - физика