$newsIblockId

Ақпараттық технологиялар факультеті

Ысқақова Сандуғаш Шынбергенқызы
Ысқақова Сандуғаш Шынбергенқызы
Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы

Инстаграмдағы Ақпараттық технологиялар факультетінің ресми парақшасы: @fit_aogu




Факультет туралы

«Ақпараттық технологиялар және бизнес» факультетінің қалыптасуы 1993 жылдан басталады.

Корпоративтік пошта: FIT@aogu.edu.kz

Факультет миссиясы

Заманауи нарық пен кәсіби талаптарды ескере отырып, ақпараттық және автоматтандырылған жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу салаларында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау.

Стратегия- лық міндеттері

Заманауи талаптарға сай келетін ойлаудың икемді тәсілін, іргелі және практикалық білімді, зерттеу дағдыларын, инновациялық кәсіпкерлік дағдылары бар мамандарды даярлау бойынша озық әдістер мен технологияларды пайдаланатын, халықаралық деңгейдегі ғылыми-техникалық және білім беру орталығы ретінде танылу.

Ақпараттық технологиялар факультеті инновациялық факультет ретінде ғылымның, білімнің және IT-индустрияның толыққанды интеграциясына, білім беру, зерттеу және басқару қызметіндегі шығармашылық инновацияларға ұмтылады. Білім берудің жоғары сапасы негізінде оқытудың озық ғылыми жетістіктер мен нәтижеге бағытталған практикаға бағдарлануы жатыр. Бұл кезеңде қажетті кадрлық әлеуетті қалыптастыру жүзеге асырылатын болады.

Артықшы- лықтары

Қазіргі әлемде ең құнды ресурстардың бірі – ақпарат. Заманауи өндірісті автоматтандырусыз елестету мүмкін емес. Жыл өткен сайын адам өмірінің түрлі салалары компьютерлермен және мүмкіндігі мол бағдарламалармен байланысты. Автоматтандыру құралдары адамдарға еңбек тиімділігін едәуір арттыруға, өндірісті және сол уақытта қолданылатын жабдықты басқаруды ұйымдастыруға көмектеседі. Әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындардағы бүкіл жұмыс процесін сауатты басқарусыз және автоматтандырусыз барлық технологиялық тізбектерді құру мүмкін емес. Білімді маманның қатысуынсыз автоматтандыру жүйелерін сауатты құру мүмкін емес. Осы себепті IT саласы мамандығы қазіргі уақытта сұранысқа ие ғана емес, сонымен қатар беделді, болашағы зор болып саналады. Бұл сала мейлінше тез дамып келеді әрі барлық жаңа салалар үнемі IT мамандарға мұқтаж.

Факультет құрамы

Ақпараттық технологиялар факультетінде оқу процесін 21 штаттық бірліктен тұратын профессорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асырады, олардың ішінде: 2 ғылым докторы, 3 компьютерлік технологиялар және информатика бойынша PhD докторы, 5 ғылым кандидаты, 7 магистр бар. Сондай-ақ, ҚР ҰИА академигі - 1 адам, "ҚР ЖОО үздік оқытушысы" атағына ие - 1 адам қызмет атқарады.

Мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу процесіне еліміздің басқа да жетекші жоғары оқу орындарының және шет елдердің ғалымдары, сондай-ақ индустрияның жетекші мамандары тартылды.

Факультет деканы

Техника ғылымдарының кандидаты - Ысқақова Сандуғаш Шынбергенқызы

E-Mail: S.Iskakova@aogu.edu.kz


Факультет ПОҚ саны 21 адамды құрайды, штаттағы – 12, қосымша – 9, оның ішінде индустриядан - 2.

21 адам

Факультет ПОҚ саны

2

Техника ғылымдарының докторы

3

Компьютерлік технологиялар және информатика бойынша PhD

5

Ғылым кандидаты

7

Магистр

Білім беру бағдарламалары


Факультетте келесі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады:

  • 5B070200 «Автоматтандыру және басқару»
  • 5B070300 «Ақпараттық жүйелер»
  • 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
  • 6В07101 «Өндірісті автоматтандыру және басқару»
  • 6В06101 «Мұнай-газ саласындағы ақпараттық жүйелер»
  • 6В06102 «Басқарудың компьютерлік жүйелері және робототехника»
  • 6В06301 «Ақпараттық қауіпсіздік»

Білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру, сондай-ақ мұнай-газ және IT саласы субъектілерінің қатысуымен және қолдауымен дуалды оқыту бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігі бар, онда білім алушыларға теорияны өндірістегі практикамен ұштастыру үшін барлық жағдайлар жасалады, бұл білім алушылардың одан әрі жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Лешно қаласындағы Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебінде АжБ-18 а/о тобының студенті Кошенов Эльдар оқыды.

Дуалды оқыту бағдарламасы бойынша Автоматтандыру және басқару» мамандығының 20 білім алушысы «Ембімұнайгаз» АҚ және «Континент Ко ЛТД» ЖШС компанияларында тәжірибеге бағытталған оқытудан өтті.


Оқу-зертханалық база


Бейінді пәндерді өткізу үшін білім алушыларды индустрияда нақты пайдаланылатын жабдықпен және софтпен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге қызмет ететін мамандандырылған зертханалар бар. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • «Электротехника және электроника негіздері» МІҚЖ зертханалық стенді»;
  • «FESTO компаниясының «MecLab» робототехника және мехатроника бойынша оқу зертханалық тренажері;
  • Роботты тораптар мен жүйелерді құрастыру, жобалау және бағдарламалау үшін кеңейтілген Arduino жиынтықтары.

Сіз қандай мамандықты меңгересіз?


5В070200 «Автоматтандыру және басқару» (6В07101 «Өндірісті автоматтандыру және басқару»)
Лауазымдары
– Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша супервайзер
– Жобалар бойынша супервайзер
– Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша инженер
– Автоматтандыру жүйесін монтаждау, іске қосу және баптау бойынша инженер
– Технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі / Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
– Автоматика бойынша инженер-конструктор.

5В070300 «Ақпараттық жүйелер» (6В06101 «Мұнай-газ саласындағы ақпараттық жүйелер»)
Лауазымдары
– Инженер-бағдарламашы;
– IT маманы;
– Жүйелік әкімші;
– Деректер қорын жасаушы және әкімші;
– Web әкімшісі;
– Жүйелік талдаушы;
– SAP маманы;

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (6в06102 «Басқарудың компьютерлік жүйелері және робототехника»)
Лауазымдары
– ERP-жүйелері бойынша маман;
– Компьютерлік желілерді жобалау және пайдалану саласындағы маман;
– Техникалық қолдау жөніндегі маман;
– IT маманы;
– Робототехникалық жүйелер конструкторы;
– Инженер-кибернетик;
– Кибернетика инженері;
– Жүйелік әкімші;
– Инженер-жүйе технигі;
– Автоматтандырылған жобалау жүйелерімен жұмыс жөніндегі инженер;

6В06301 «Ақпараттық қауіпсіздік»
Лауазымдары
– Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман;
– Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі әкімші;
– Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аудитор;
– Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер;
– Сервистер қауіпсіздігі жөніндегі маман;
– Инфокоммуникациялық жүйелерді қорғау жөніндегі техник;
– Инфокоммуникациялық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі Инженер;
– Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшы;
– Ақпаратты қорғау жөніндегі маман;
– Сандық технологиялар бойынша криминалист-маман;
– Деректерді шифрлаушы.

Халықаралық ынтымақтастық


  • Ян Амос Коменский атындағы жоғары техникалық кәсіптік білім беру мектебімен (Польша) қос дипломды білім беру бағдарламалары (2+2)
  • Сумгаит мемлекеттік университетімен және Әзірбайжан техникалық университетімен бірлескен бағдарламалар

Тәжірибе және жұмысқа орналастыру


Факультеттің индустриямен байланысы білім беру қызметі жетістігінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Факультеттің ПОҚ әрдайым білім беру үдерісін дамытудың, сондай-ақ өзін және білім алушыларды экономика салаларында туындайтын нақты жобаларды шешуге тартудың ең тиімді жолдарын іздестіруде.

Факультеттің өңірдің және облыстың жетекші өндірістік кәсіпорындарымен және компанияларымен тығыз байланысы өзекті міндеттерді іске асыруға көмектеседі:

  • дуалды оқытуды жүзеге асыру;
  • жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;
  • кәсіби қызмет бағыттары бойынша әртүрлі жобаларды іске асыру;
  • түрлі іс-шаралар, конкурстар, олимпиадалар және т.б. өткізуге серіктестік қолдау көрсету;
  • факультеттің оқу-зертханалық базасын жаңартуға демеушілік көмек көрсету.

Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыруға өз мамандықтары бойынша табысты жұмыс істейтін өткен жылдардың түлектерімен тығыз байланыстар да ықпал етеді. Факультет түлектері ел экономикасында жетекші орын алатын ірі өндірістік компаниялардың негізгі позицияларында жұмыс істейді немесе компанияларды басқарады.

  • ГУ «Аппарат акима Атырауской области»,
  • ТОО «Тенгизшевройл»,
  • ТОО «СитикомСервис»,
  • АО «Эмбамунайгаз»,
  • АО «Каспийский Трубопроводный Консорциум КТК-К»,
  • КМГ Инжиниринг,
  • АО «Казахтелеком»,
  • АО «НИПИ Каспиймунайгаз»,
  • ТОО «Жигермунайсервис»,
  • АО «Эмбамунайгаз»,
  • ТОО «Континент КоЛТД»,
  • TOO «Fluor»,
  • АО «Атырау Жарык»,
  • АО «Энергоинформ»,
  • ТОО «FSSA»,
  • ТОО «Жайық-Геопроект»,
  • ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc»,
  • ТОО «АНПЗ»,
  • Западный филиал АО «КазТрансОйл»,
  • Филиал «Западные межсистемные электрические сети»,
  • АО «Казахстанская компания по управлению электрическими сетями» «KEGOC»,
  • ТОО «Жигермунайсервис»,
  • ТОО «УорлиПарсонсКазахстан»,
  • ТОО «IQS Engineering»,
  • ТОО «KMG Аutomation»,
  • ТОО «АтырауТехСервис»,
  • ТОО «КазТехМунайСервис»,
  • ТОО «КазМунайГазБурение».

Ғылыми-қолданбалы зерттеулер


Факультет қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ПОҚ-ның ҚР БҒМ желісі бойынша да, коммерциялық зерттеу жобалары бойынша да ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысуы болып табылады - бұл мемлекеттік құрылымдардың да, жеке компаниялардың да тапсырыс-жобалары. Сонымен қатар факультеттің ПОҚ өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін Scopus және Web of Science базаларына кіретін ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған түрлі халықаралық рейтингтік журналдарда жариялайды, сондай-ақ халықаралық, республикалық конференцияларға баяндамалар жасайды.

Бүгінгі таңда келесі ғылыми жобаларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде:

Жобаның атауы Басшысы
Мұнай-газ кен орнын игеруді модельдеу т.ғ.к., профессор Шабдиров Д. Н.
Мұнай өңдеу өндірісінің технологиялық кешендерін оңтайлы басқару үшін шешімдер қабылдаудың зияткерлік жүйелері т. ғ.к., доцент Утенова Б. Е.
Мұнай өңдеу өндірісінің технологиялық кешендерінің жұмыс режимдерін оңтайландыру үшін шешімдер қабылдаудың зияткерлік жүйелері т.ғ.к., доцент Құрманғазиева Л. Т., магистр Әбдіғалиева А. Н.
ҚР БҒМ конкурстарына қатысу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындармен, мекемелермен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен шаруашылық келісім-шарт жұмыстары арқылы қаржы қаражатын тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру т. ғ. к., профессор Шабдиров Д. Н., т.ғ.к., доцент Утенова Б. Е. т.ғ.к., доцент Искакова С. Ш.

Қос дипломды білім беру

Атырау Мұнай және газ университеті Лешно қаласындағы (Польша) Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік оқыту мектебімен келісім аясында қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда.

Қос дипломды білім берудің бірлескен білім беру бағдарламалары бакалавриат мамандықтары бойынша іске асырылады - 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару», 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент».

Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі бірдей немесе ұқсас мамандықтар бойынша 4 жылды құрайды.

Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау тәртібі

Ақылы негізде де, мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша да білім алатын студенттер қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуға құқылы.

Білім алушыларды қабылдау АтМГУ және Лешно қаласындағы Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік оқыту мектебінде қолданылатын Қабылдау ережелеріне сәйкес жеке өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі – 4 жыл (2+2).

Оқу мерзімі: Атырау мұнай және газ университетінде 1 және 4 курстар (Қазақстан Республикасы, Атырау қ.), Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік оқыту мектебінде 2 және 3 курстар (Польша, Лешно қ.).

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін студент екі диплом алады - АтМГУ және Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебі.

Біздің серіктестер




Факультет еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасайды:
  • Әзірбайжан техникалық университеті
  • Уфа мемлекеттік мұнай технологиялық университеті
  • Астрахан Мемлекеттік Техникалық Университеті
  • Харьков политехникалық институтының Ұлттық техникалық университеті
  • APEC PetroTechnic
  • Astana IT University
  • Қазақстан-Британ техникалық университеті
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Сәтбаев Университетіт
  • Алматы энергетика және байланыс университеті
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және т. б.


Студенттік өмір


Біздің түлектер


ШЕРНИЯЗОВ САРСЕНКУЛЬ
АО «КТК-К», Ведущий инженер КИПиА. Заслуженный деятель нефтегазовой сферы РК
САДЫКОВ РЕШАТ
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc, Главный метролог.
ТЕН ЕЛЕНА
ТОО «TENGIZCHEVROIL», Руководитель группы по обеспечению соответствия требованиям и продвижению проектов ИТ
ПАСТУХОВ ГЕОРГИЙ
ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc», Директор Департамента Информационных технологий
НУРАЛЫ ЕЛАМАН
ТОО «TENGIZCHEVROIL» Департамент Информационных Технологий, Руководитель группы «Управление безопасностью»
КОЖИЕВ НУРЛЫБЕК
ТОО «TENGIZCHEVROIL» Департамент Информационных Технологий, Инженер по автоматизации
ПОЛЕНОВ БОРИС
ТОО «TENGIZCHEVROIL» Департамент Информационных Технологий, Инженер по приборостроению
ЗИНУЛЛИН НУРЛЫБЕК
NCPOC Instrumentation Lead Technician
ХАМАТОВ РЕНАТ
NCPOC, IT Support Supervisor
МУХАМЕДЬЯРОВ ДАНИЯР
NCPOC, Instrument Field Engineer
ЕСЕНГЕЛДИН АСКАР
АО «КазТрансОйл», мастер КИПиА

Хабардар бол

Жаңалықтар мен оқиғалар

27.
November, 2021
"ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ" МАМАНДЫҒЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ
26.
November, 2021
ASTANA HUB-ТА С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ
23.
November, 2021
АТЫРАУДА – УРБАНИСТЕР ФОРУМЫ
22.
November, 2021
БІЗДІҢ СЕРІКТЕС: «ЕСКЕРТКІШ ҚЫЗМЕТ ҚАЗАҚСТАН»
22.
November, 2021
ЕҢ ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҚ - КІТАП
18.
November, 2021
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕМТИХАНДЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ
18.
November, 2021
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ НЕГІЗІ
17.
November, 2021
ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ - РЕКТОР ГРАНТЫ
17.
November, 2021
ҚҰТТЫҚТАУ
16.
November, 2021
«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» БАЙҚАУЫ
15.
November, 2021
ӘРІПТЕС МЕРЕЙІ
15.
November, 2021
ЖЕКСЕНБІЛІК «ICE PARTY»
15.
November, 2021
БҮГІН - ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ
12.
November, 2021
Н.Ө.Балғымбаев атындағы шәкіртақы
12.
November, 2021
КІТАПХАНА ТҮНІ
12.
November, 2021
БАҚ біз туралы.....ЖАС ҒАЛЫМ ЖЕТІСТІГІ
12.
November, 2021
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ МЕҢГЕРУ
11.
November, 2021
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ДӘРІСІ
11.
November, 2021
КІТАПХАНА ТҮНІ
11.
November, 2021
ЦИФРОВАЯ НАУКА "СЮЦАЙ"
11.
November, 2021
ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ
11.
November, 2021
«West School IELTS» - сынақтан сүрінбе!
10.
November, 2021
СТУДЕНТТЕР ЧЕЛЛЕНДЖІ
9.
November, 2021
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
1.
November, 2021
МҰНАЙ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР РЕЙТИНГІСІ
1.
November, 2021
"БЕКЕТ АТА" кітабы ағылшын тілінде
1.
November, 2021
1 ҚАРАШАДА ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
29.
October, 2021
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН КЕШЕНДІ ТЕСТ
29.
October, 2021
АТЫРАУГЕО - 2021
28.
October, 2021
ТЕОЛОГ МАМАНДАР ДӘРІСІ
28.
October, 2021
ВАКЦИНА ПУНКТІ АШЫЛДЫ
28.
October, 2021
СТУДЕНТТЕР СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ
26.
October, 2021
УНИВЕРСИТЕТТЕГІ МЕКТЕП КҮНДЕРІ
25.
October, 2021
ВАКЦИНА САЛДЫР ДА, АЛМАТЫҒА САЯХАТ ҰТЫП АЛ!
23.
October, 2021
БИЗНЕС МЕКТЕБІ
23.
October, 2021
БИЗНЕС МЕКТЕБІ
23.
October, 2021
ЖАҢА КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
22.
October, 2021
HUAWEI ICT АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ
21.
October, 2021
УНИВЕРСИТЕТ - ИНДУСТРИЯ
20.
October, 2021
«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ ШАҚЫРАДЫ!
20.
October, 2021
ҚАУІПСІЗ ОРТА
20.
October, 2021
БІЗДІҢ СЕРІКТЕС: «ADAGA» КОМПАНИЯСЫ
19.
October, 2021
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ
18.
October, 2021
БІЛІМІ ОЗЫҚ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ АЙҚЫН
18.
October, 2021
АтМГУ GEOCLIC ЖОБАСЫНА ҚАТЫСАДЫ
7.
October, 2021
ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ
6.
October, 2021
БІЛІМ-ҒЫЛЫМ-ИНДУСТРИЯ-БИЗНЕС ИНТЕГРАЦИЯСЫ: «KMGE SCHOOL»
6.
October, 2021
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ KAZENERGY XII ЖАСТАР ФОРУМЫНДА СПИКЕР РЕТІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ
1.
October, 2021
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
22.
July, 2021
МҰНАЙЛЫ АСТАНАДАҒЫ PhD ДОКТОРАНТУРА
30.
June, 2021
«Адами ресурстарды басқару» ЕМВА тыңдаушыларын екінші күні
30.
June, 2021
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін COVID-19 коронавирусынан сақтану шараларын қолға алуда
30.
June, 2021
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ
29.
June, 2021
Үздіктердің арасында
29.
June, 2021
Atyrau Oil and Gas University named after Safi Utebayev бизнес бағдарламасы
28.
June, 2021
Біздің университетте ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ бойынша оқығыңыз келе ме?


28.
June, 2021
Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
25.
June, 2021
Әріптес мерейі-университет абыройы
24.
June, 2021
23 маусым күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті басшылығының Страсбургтағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Ануарбек Ахметовпен онлайн кездесуі өтті.
24.
June, 2021
ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
23.
June, 2021
Бүгін, 23 маусым – Қазақстан полициясы күні
23.
June, 2021
23 маусым - мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі
23.
June, 2021
«БІЗДІҢ ҰСТАЗДАРЫМЫЗ» - София Нұрбайқызы
23.
June, 2021
МВА ұстаздары
21.
June, 2021
Магистратура грантына түсудің бірегей мүмкіндігі
21.
June, 2021
«Bolashaq» Қауымдастығы сіздерді Қауымдастық жұмысына қатысуға шақырады
17.
June, 2021
17 маусым күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Кристиана Маркертпен кездесу өтті
17.
June, 2021
Құрметті ақ қалатты абзал жандар, медицина қызметкерлері!
17.
June, 2021
STUDENT ENERGY CHALLENGE
17.
June, 2021
Қабылдау комиссиясы
17.
June, 2021
Университет құрамы тағы да бір "Болашақ" түлегімен толықты!
16.
June, 2021
ТАМАША ЖАҢАЛЫҚ
16.
June, 2021
Магистратура сені күтіп тұр
15.
June, 2021
Бизнес мектебі
15.
June, 2021
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.
14.
June, 2021
Білім мен индустрияны ұштастырған университет
14.
June, 2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлын бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
11.
June, 2021
"Мұнай және газ геологиясы - 96" мамандығы түлектерінің кездесуі
11.
June, 2021
Ақпараттық технологиялар факультеті
9.
June, 2021
Tанымдық саяхат ұйымдастырылды
8.
June, 2021
ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
8.
June, 2021
Мұнай-химия инженериясы және экология институты
5.
June, 2021
5 маусым дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күнімен, экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
4.
June, 2021
Бізде қандай мамандықтар оқытады?
4.
June, 2021
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз
4.
June, 2021
Cтуденттік жұмыстар байқауын жариялаймыз
4.
June, 2021
Өңірдегі 30 Болашақтық - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына
4.
June, 2021
«Химиктер күні» кәсіби мерекесі атап өтілді
2.
June, 2021
CASPIAN STARTUP-2021
1.
June, 2021
Сіздерді бүгінгі 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
1.
June, 2021
Жастар саясаты департаменті мен студенттік басқару ұйымының атқарған жұмыстары
1.
June, 2021
ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
31.
May, 2021
Өткенге құрмет-мәңгілік міндет
29.
May, 2021
Халықаралық химиктер күні құтты болсын!
29.
May, 2021
«ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ»
28.
May, 2021
«Каспий 2021: тұрақты даму жолдары»
28.
May, 2021
Бухгалтерлерге арналған офлайн семинар
28.
May, 2021
Жаңа сын-тегеуріндер – университет үшін жаңа мүмкіндіктер»
Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN