Факультет деканы
Джаманбаева Гүлсара Танбайқызы
Құрметті студенттер, талапкерлер және сайт қонақтары!
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің индустриалды-технологиялық факультетінің парақшасына қош келдіңіздер! Мұнда барлық қажетті ақпаратты тауып, сұрақтарыңызға жауап алатыныңызға сенімдіміз.
Алдымен жоғары білім алу жолындағы маңызды қадамыңызбен құттықтаймыз! Сіздің таңдауыңыз жаңа кезеңнің бастамасы ғана емес, сонымен қатар сіздің армандарыңызды жүзеге асыруға және кәсіби биіктерге жетуге көмектесетін құнды білім мен дағдыларды меңгеру, тұлғалық өсудің бірегей мүмкіндігі.
Факультетіміз энергетика, құрылыс, машина жасау, көлік және логистика сияқты танымал салаларда талантты және ынталы студенттерді - болашақ бакалаврларды дайындайды. Біздің оқу үдерісіміз бай және көп қырлы: 4 жыл бойы студенттер теориялық және практикалық дайындықтан өтеді, оның ішінде дуалды оқыту мен тағылымдамадан өтеді. Олар академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, ғылыми конференцияларға, дебаттарға белсене қатысады, сонымен қатар шығармашылық пен спортқа уақыт табады – ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, КВН ойнайды, ән айтады, би билейді, бейнероликтер түсіреді, сурет салады және фотоға түсіреді. Студенттік өміріміз нағыз қызық әрі оқиғаларға толы.
Біз мектеп, лицей және колледж түлектерін біздің үлкен және тату университет отбасымыздың бір бөлігі болуға шақырамыз! Сіздің алдыңызда жаңа көкжиектер ашылады және қазір сіздің болашағыңызды анықтайтын саналы таңдау жасау уақыты келді. Әрқайсыңыз өз жолыңызды табатындарыңызға және біздің университет осы жолда сенімді тірекке айналатынына сенімдіміз. Біз сапалы білім алу және сіздің әлеуетіңізді дамыту үшін барлық қажетті ресурстарды береміз. Бізге қосылыңыз, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенті атағын мақтанышпен алып жүресіз!