Мамандық туралы
Оқуға түсу үшін емтихан тапсырылатын пәндер: география және математика
Оқу мерзімі:
- 3 немесе 4 жыл орта білім негізінде,
- 2 жыл техникалық және кәсіптік білім негізінде,
- жоғары білім негізінде 1-1,5 жыл.
6В04104 – «Мұнай-газ бизнесінің қаржысы» бағыты бойынша бакалаврларды даярлау бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие, қаржы жүйесі, экономика және менеджмент саласындағы құзыретті және бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық ойлайтын, өз білімі мен дағдыларын іске асыра алатын, отандық және халықаралық еңбек нарығында жаңа буын және IT қаржы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек келесі дағдыларды игереді:
- ҚР Статистика органымен бекітілген статистикалық есептерді құру, бухгалтерлік есеп деректерімен бюджеттік классификация бойынша есептік мәліметтерді тексере білу;
- компанияның автоматтандырылған басқару жүйесінде қаржылық бюджеттің жоспарлы көрсеткіштерін қалыптастыру;
- қаржы жоспарларының, ақша қаражатының болжамды баланстары мен бюджеттерінің, өнімді (тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды) өткізу жоспарларының, пайда бойынша жоспарлардың жобаларын жасау;
- кәсіпорындарда бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру, қаржы бюджетінің атқарылуын жедел бақылау бойынша ай сайынғы есепті қалыптастыру;
- компанияның инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін операциялық шығындар мен күрделі салымдарды болжау;
- бөгде ұйымдарға көрсетілетін қызметтердің бағалары мен тарифтерін қалыптастыру және бекіту;
- кредиттік мекемелермен, сақтандыру және инвестициялық компаниялармен, салық органдарымен, қаржы мәселелері бойынша басқа да органдар және ұйымдармен өзара қарым-қатынастың практикалық дағдыларын көрсету;
- қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау және диагностика жүргізу, шығындар сметасының орындалуын, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін тексеру және ауытқуларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- қаржылық бюджеттеу және бизнес жоспарлау ережелері мен рәсімдерін және шығындардың бірыңғай жіктеуішін өзектендіру;
- басқару дағдыларын көрсету, компания тәуекелдерінің барлық түрлерін азайту және бизнесті жүргізу және тиімді тиімді бизнесті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.