30.06.2021

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін COVID-19 коронавирусынан сақтану шараларын қолға алуда

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін COVID-19 коронавирусынан сақтану шараларын қолға алуда
Жұқпалы аурудан қорғанудың ең қарапайым және қауіпсіз әдісі – вакциналау. Вакцина алсаңыз – аурудың алдын аласыз. Сонымен қатар, университет тарапынан екпе салдырған студенттерге академиялық білім алу және оқу процесінде ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға қатысуға біраз мүмкіндіктер қарастырылып отыр: • Жатақханаға орналасуда вакцина алған студентке басымдық беріледі; • Оффлайн оқу жүйесіне көшуге; • Вакцина алған студентке мұнай және газ компанияларында өндірістік тәжірибеден өтуге; • Қонақ дәрісі мен түрлі тақырыптағы қызықты тренингтерге қатысуға; • «Болашақ» бағдарламасы түлектері өткізетін шеберлік сыныптарына қатысуға; • Мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатысуға; • Академиялық алмасу, ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелге оқуға баруға; • Республикалық, халықаралық байқауларға қатысуға қолдау көрсетіледі. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда! ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN