Бүгін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне малайзиялық Petronas Ұлттық мұнай компаниясының өкілдері жұмыс сапарымен келді.
Делегация құрамында – Petronas жобалар мен технологияларды жүзеге асыру кеңсесі вице-президенті Мохд Шахрул Амир Замбери, UTP вице-канцлері, профессор, доктор Мохамед Ибрагим Абдул Муталиб, UTP стратегиялық жобалар жөніндегі бас директоры Заимизи Хамдани, UTP инженерлік факультеті деканы, доктор Росдиазли Ибрахим бар.
Сапар мақсаты - ҚР Мұнай және газ индустриясымен танысу және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында Петронас технологиялық университетінің (UTP) филиалын ашу мүмкіндігін талқылау.
Кездесуде С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова университеттер арасындағы стратегиялық әріптестік жөнінде баяндады. Малайзиялық UTP вице-канцлері, профессор, доктор Мохамед Ибрагим Абдул Муталиб Petronas-тың білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және халықаралық байланысты дамыту жоспарымен таныстырды.
--
- Университет туралы
- Оқуға түсушілерге
-
Студенттерге
- "Study Space" студенттің жеке кабинетіне кіру
- Білім алушының ішкі тәртіп ережелері
- Қабылдау комиссиясына онлайн тіркелу
- Қорытынды аттестаттауды тапсыру туралы білім алушыларға арналған нұсқаулық
- Жазбаша жұмыстарды тексерудің автоматтандырылған жүйесі
- Ақпараттық технологиялар мен білімді бақылау басқармасы
- Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы
- Мансап және жұмысқа орналасу
- Студенттік жатақханаларда тұру ережелері
- Факультеттер
- Ғылым
- AOGU Shop
-