10.12.2021

ҮЗДІКТЕРГЕ - АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯ

Оқуда озат, белсенді өмірлік ұстанымы бар, бастамашыл, талантты студенттерді ынталандыру, материалдық қолдау көрсету мақсатында «Нұрлан Балғымбаев атындағы қор» биыл екінші жыл арнайы стипендия тағайындап отыр.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарда мұнай өнеркәсібі министрі, ұлттық мұнай және газ компаниясының президенті болды. Ұлттық үкіметімізді басқарып, ел экономикасының өрлеуіне, жаңа Астананың қалыптасуына үлес қосты.

Елдікке еңбек еткен ардақты азаматтың атын ұлықтап, өмірлік жолын үлгі ету арқылы жастарға отансүйгіштік тәрбие беру өте маңызды.

Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев атындағы арнаулы стипендияның биылғы иегерлері - Перизат Темірова, Жанель Мырзатаева, Азиз Қайралиев.

Студенттерге «Нұрлан Балғымбаев атындағы қор» атынан сертификат табысталды.

Стипендия иегерлерін құттықтаймыз!

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN