24.04.2021

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні
Құрметті кітап сүйер оқырмандар!
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті баршаңызды 23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және арторлық құқықты қорғау күні» мерекесімен құттықтайды! Жаңа ақпараттар қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек. Әдеби кітаптар мен оқулықтар жастарымызға білім көзі, рухани қазына. Осы орайда сіздерге С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ғылыми кітапханасы 2020-2021оқу жылында жарық көріп, қорға келіп түскен профессорлық-оқытушылар құрамының жаңа кітаптарына жасалған библиографиялық шолуды ұсынамыз. Сол арқылы кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақырамыз.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN