24.06.2021

23 маусым күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті басшылығының Страсбургтағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Ануарбек Ахметовпен онлайн кездесуі өтті.

Кездесуге Франциядағы Лотарингия университетінің өкілдері де қатысты. Кездесу барысында қаралған мәселелер:
- мәдениет және білім беру бағыттарындағы байланысты
дамыту,
- Лотарингия университетімен ынтымақтастықты орнату,
- халықаралық жоба мен академиялық алмасу бағдарламасы

Онлайн кездесуде университеттің Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова Страсбургтегі консульдықтың ашылуымен құттықтап, Лотарингия университеті тарапынан бүгінгі шараға қатысып отырған халықаралық қатынастар жөніндегі жоғары мектеп директоры И.Панфилова мен профессор М.Панфиловқа ризашылығын білдірді.

Страсбургтағы Қазақстан Республикасының Бас консулы А. Ахметов екі ел арасындағы мәдени, білім беру бағыттарының жоғары деңгейде жүзеге асуына тілектестігін білдірді және өз тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.

Лотарингия университетінің профессоры М.Панфилов екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықта қызығушылық танытқан бағыттың біріншісі-ғылыми, екіншісі-білім беру деп атап өтті. Ғылыми бағытта Франция университеті Қазақстандық ғылыми жобалар грантының байқауына қатысуға мүдделі. Ал білім беруде екі оқу орны арасында қос диплом бойынша магистратура мамандықтарына студенттерді бірлесіп дайындауға ынталы.

С.Өтебаев атындағы АтМГУ профессоры С.Нұрсұлтанова 2003-2004 жж. осы бағдарлама Францияның Мұнай және газ институтымен (Франлаб және Тоталь мұнай компаниясы) бірлесіп жүргізілгенін және халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша 40 магистрантты дайындауға қатысқанын атап өтті. Сондықтан бұл бағытта тәжірибесі бар университет ретінде қолдайтынын жеткізді.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN