12.05.2021

«Адал білім» студенттермен онлайн кездесу

«Адал білім» студенттермен онлайн кездесу

Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ-да Академиялық адалдық және жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жетекшісі А.Насиев студенттермен «Адал білім» тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты- академиялық адалдық ұстанымы мықты, ары таза, онлайн емтихан барысында әдеп нормаларын сақтаған, рухани құндылығы жоғары, мақсаты айқын, білімді жастарды қалыптастыру.

Жемқорлықтың кез келген көріністерінің орын алмауы үшін оның алдын алу бағытында арнайы жұмыс жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» саясаты бекітілген, «Ар намыс кдексі» қабылданып, ережелер жасақталған. Жоғары оқу орнында оқу жылы бойына бірнеше рет студенттермен арнайы жиналыстар өткізілген. «Академиялық адалдық» ережесін түсіндіру жұмыстары,сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар ұйымдастырылған.

Академиялық адалдық принциптерін ұстану – сәтті және сапалы білім негізі.

Сессия қарсаңында студенттерге тағы да адалдық, жемқорлық әрекеттерге қарсы адамгершілік негіздері мен құндылықтар насихатталды.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN