28.04.2021

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: СТУДЕНТ КҮНДЕЛІГІ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: СТУДЕНТ КҮНДЕЛІГІ
Алексей Котов – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 2 курс студенті. Академиялық ұтқырлық аясында Малайзиядағы «Universiti Teknologi PETRONAS» университетінде оқуын жалғастырып жатқан Алексей пандемия кезеңіне қарамастан ізденуге ниетті жастарға мүмкіндік көп екенін айтады. Оқу жылының бір семестрін шетелдік университетте жалғастыру мақсатым болатын. Қашықтықтан оқығандықтан да шығар, бастапқыда бейімделу біраз қиындау болды, әсіресе уақыт айырмашылығы. Кейін үйреніп кеттік, Малайзиядағы профессорлар да мейірімді екен, дәрістерін өте қызықты өткізеді, -дейді Алексей. – «Ulearn» онлайн платформасы қолдануға ыңғайлы, тапсырмалар анық көрініп тұрады. «MATLAB» бағдарламасымен жұмыс істеп үйрендім, бұл біздегі «Multisim» бағдарламасының баламасы екен. PETRONAS Технологиялық университетінде оқу арқылы көп тәжірибе жинадым, жаңа достар таптым. Онлайн форматта болғанына қарамастан бұл бағдарлама өмірімде жарқын өзгерістерге жол ашты. Айта кетейік, жыл басында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті PETRONAS Технологиялық университетімен (UNIVERSITI TEKNOLOGI PETRONAS (UTP) екі жақты ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтасты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойған еді. UTP-әлемдік деңгейдегі ғылыми, инженерлік және технологиялық шешімдерді құру үшін білім мен тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін жоғары оқу орны. Екі жақты ынтымақтастықты дамыту меморандумы арқылы АтМГУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттарына Phd докторантураны Малайзияда жалғастыруға мүмкіндік беріліп отыр. Алексей біздің университетте «Өндірістік энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Бұл электр энергиясын өндіру, беру, тарату, қайта құру, қолдану, энергия ағындарын басқару, элементтерді, құрылғылар мен жүйелерді әзірлеу және дайындау үшін техникалық құралдардың барлық жиынтығын меңгерген білікті кадрларды даярлауға арналған бағдарлама.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN