27.05.2021

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Мұнай-газ факультетінің қызметкерлері Алматы қаласындағы «Алстрон телеком» ЖШС-ң басшылығымен кездесті

 С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Мұнай-газ факультетінің қызметкерлері Алматы қаласындағы «Алстрон телеком» ЖШС-ң басшылығымен кездесті

26 мамыр күні С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Мұнай-газ факультетінің қызметкерлері Алматы қаласындағы «Алстрон телеком» ЖШС-ң басшылығымен кездесті. Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткен кездесуге университеттің 1-ші проректоры Б.Құмалақов қатысты.

Онлайн кездесу барысында университеттің оқу компьютерлерінде орнатылған «Жұлдыз» бағдарламалық өнімін оқу процесінде қолдану туралы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселесі талқыланды.

«Жұлдыз» бағдарламалық өнімі мұнай және газ өндіру процестерін модельдеуге арналған.

Аталған бағдарламалық өнім мұнай-газ факультеті 3-ші курс студенттерінің оқу бағдарламасына енгізілетін болады. Сонымен бірге, С.Өтебаев атындағы АтМГУ-ң геология және мұнай мамандығы бойынша білім алушы студенттерінің «Алстрон телеком» ЖШС-ң Атыраудағы филиалы базасында өндірістік іс-тәжірибеден өтуіне келісім жасалды.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN