29.04.2021

Әріптес мерейі

Әріптес мерейі
Алдында хабарлағанымыздай біздің университет әлемнің 140-тан астам елінде АКТ шешімдерін дамытып отырған Huawei компаниясымен серіктес атанды. (https://www.facebook.com/.../permalink/1363631340651447/) Huawei компаниясы өзінің АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) академиясы негізінде желілік технологияларды оқытады. Академия шеңберінде оқыту желілердің теориялық негіздерін, құрылғылардың өзара әрекеттесу әдістерін, желілік жабдықтар мен кабельдердің түрлерін зерделеуді үйретеді. 2021 жылдың наурыз айында академия ұйымдастырған «Routing and Switching - бағыттау және коммутация» бағыты бойынша курстан өткен біздің әріптесіміз Дамир Маштаков сәуір айында екі біліктілік емтиханын сәтті тапсырды. Қазіргі уақытта Дамир Huawei желілік жабдықтарының сертификатталған маманы және нұсқаушысы. Айта кету керек, аталған курста біздің тағы да 3 әріптесіміз білімдерін жетілдіруде. Алдағы уақытта студенттердің де Huawei компаниясы ұйымдастырған курстарына қатыстыру жоспарланды. Дамир - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы University of Warwick магистратурасын бітірген. Өзінің диссертациялық жұмысында Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнестің кибер қауіпсіздігі мәселелерін зерделеді және бизнесті киберқауіптерден қорғау үшін ұсынымдар әзірледі. Қазіргі таңда біздің университеттегі ІТ факультетінің декан орынбасары болып қызмет атқарады. Дамир енді университеттің студенттерін үйретіп, ІТ саласындағы мәліметтерді желілік технологияда сақтау жүйесі туралы олардың білімдерін жетілдіреді.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN