25.06.2021

Әріптес мерейі-университет абыройы

Әріптес мерейі-университет абыройы
Астанадан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында қос бірдей жағымды жаңалық келді.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің баспасөз орталығының маманы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Бахытгүл Бабаш еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақтан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен бірге тәуелсіз еліміздің мәдениет, спорт және туризм саласын жандандыру жолында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен тарихи, рухани құндылықтарды ақпарат айдынында насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Алғыс хаты табысталды.

Әріптесіміздің Астана төрінде университет мәртебесін асқақтатып, жоғары марапатқа ие болуы - баспасөз саласындағы тәжірибелі, тыңғылықты еңбегінің нәтижесі.

Бүгінгідей кәсіби мерекеде әріптесіміз Бахытгүл Бабашқа деніңізге саулық, отбасы амандығын тілейміз!

Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, жетістікке жете беріңіз.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN