23.11.2021

АТЫРАУДА – УРБАНИСТЕР ФОРУМЫ

Бүгін университет базасындағы Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында Қазақстан урбанистерінің форумы өтіп жатыр. Форумды «Q88» Қазақстан урбанистер Ассоциациясы, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» және «С.Өтебев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» ұйымдастырған.

Бұл жиын - аймақтарды дамыту бойынша тәжірибе алмасатын және қалаларды одан әрі өркендету үшін түрлі жобаларды талқылайтын диалог алаңы. Атырау – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан қала. Мұнайлы астанада бизнес құрылымды, өндірісті дамытуға мол мүмкіндік бар. Сондықтан да аталған іс-шараның Атырауда өтуі өте маңызды.

Форумның пленарлық отырысында «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова «Қоғам мен қалалардың трансформациясы» тақырыбында спикер болды.

-Жергілікті мамандардың білім, білік, дағдыларының жиынтығы бүгінгі қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Бұған белгілі бір қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартқан және елдің дамуына мультипликативті әсер еткен Батыс университеттері трансформациясының тарихи тәжірибесі дәлел. Университеттің аймақтың тұрақты дамуына қосқан үлесі жаңа білім беру мен индустрия сұранысына сай кадрларды даярлаудан ғана емес, ең алдымен өңірге дарынды жастарды тартудан және кадрлық ресурстардың сапасын қамтамасыз етуден тұруы керек,- деп атап өтті Университет ректоры.

   АтМГУ-де өңірдің талантты жастарының шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында шығармашылық индустрия Орталығы салынып жатыр. Кремний алқабындағы компанияларда жұмыс істейтін танымал қазақстандықтардың қатысуымен «тәлімгерлік мектебі» ашылады.

 

 


Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN