Бүгін кеңейтілген ғылыми Кеңесте Басқарма Төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликованың Университеттің 2021-2022 оқу жылына арналған стратегиялық даму жоспарының орындалу барысы туралы есебі тыңдалды.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлауды мақсат еткен АтМГУ білім, ғылым, инновация интеграциясы аясында бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асырып келеді. 25 бакалавр, 5 магистратура, 2 докторантура, 3 МВА бағдарламасы бар.
Университет білім беру процесін толықтай оқу полигонында өткізуді еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алғаш болып қолға алды. «Ембімұнайгаз» АҚ-мен бірлескен жоба – Индустриалды-технологиялық полигон құрылысы 2022 жылдың 3 тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр. Болашақта оқу процесі кен орнында өтеді, сол арқылы студенттер мен оқытушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге маңыз беріледі.
Өткен жылы ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен Салалық технологиялық құзырет Орталығы құрылып, жұмысын бастады. Креативті индустрия Орталығының құрылысы жүріп жатыр. Тұрақты даму мақсаттары бойынша Каспий хабы, West Hub аясында да тың бастамалар қолға алынып келеді.
Басқарма Төрағасы-ректор Гүлзада Тәңірбергенқызы Университеттің қазіргі жағдайы, алдағы міндет пен меже туралы баяндады. Білім беру қызметі, академиялық саясат, зерттеудің экожүйесін құру, халықаралық байланыстар, күтілетін нәтиженің экономикалық, технологиялық, әлеуметтік тиімділігі де күн тәртібінде қаралды.
- Университет туралы
- Оқуға түсушілерге
-
Студенттерге
- "Study Space" студенттің жеке кабинетіне кіру
- Білім алушының ішкі тәртіп ережелері
- Қабылдау комиссиясына онлайн тіркелу
- Қорытынды аттестаттауды тапсыру туралы білім алушыларға арналған нұсқаулық
- Жазбаша жұмыстарды тексерудің автоматтандырылған жүйесі
- Ақпараттық технологиялар мен білімді бақылау басқармасы
- Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы
- Мансап және жұмысқа орналасу
- Студенттік жатақханаларда тұру ережелері
- Факультеттер
- Ғылым
- AOGU Shop
-