04.06.2021

«Химиктер күні» кәсіби мерекесі атап өтілді

«Химиктер күні» кәсіби мерекесі атап өтілді

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Индустриалды-технологиялық факультеті «Химиктер күні» кәсіби мерекесін жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтеді.

Жақсы дәстүрге айналған шараға факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Шара барасында факультет деканы А.Буканова 2020-2021 оқу жылындағы жұмыстарын қорытындылап, факультеттің биылғы жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық ғылыми конференция мен пәндік олимпиада жүлделі орындар алып, факультеттің мәртебесін асқақтатуға үлес қосқан белсенді студенттерді марапаттады.

Айта кету керек биылғы түлектер: Е.Ибатуллаев, Б.Жақсылықов, Б.Сергеев, Г.Ескендір және А.Мардан АМӨЗ, KMG Engineering, KRI Іnc сияқты ірі компаниялардан жұмысқа шақырту алғаны қуантады.

Жиында онлайн оқудағы қызықтар мен студенттік өмірден көріністер қойылып, викториналар ойнатылды, флешмоб ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша биылғы түлектер факультет туын 1-ші курс студенттеріне салтанатты түрде табыстады.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN