20.05.2021

«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен өзара меморандумға қол қойды

 «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен өзара меморандумға қол қойды
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Tech Garden брендімен шығатын «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен өзара меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар жаңа өнеркәсіптік революция элементтерін қамтитын инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыру көзделген.

С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова өз сөзінде 4.0 Индустриясының элементтерін мұнай-газ саласына қарқынды енгізу қажеттігін және Tech Garden секторы осы салада білікті мамандар даярлауға қызығушылық танытып отырғандығын жеткізді.

Tech Garden бас директоры А.Сембин С.Өтебаев атындағы АтМГУ–мен ынтамақтастық өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне бағытталған жобаларды іске асыруға және қолданбалы зерттеулердің дамуына өз септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Құжатқа С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова және Tech Garden бас директоры Асқар Сембин қол қойды.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN