Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамынан жасақталған кәсіби бағдар берушілер тобы Орал, Ақсай, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Шымкент қалаларында іссапармен жүр. Мақсат - мектеп оқушыларының болашақ мамандықтарын таңдауына бағыт-бағдар беру.
Жоба аясында жұмыс тобы өңірлердегі мектептерге барып, АтМГУ-дің артықшылықтары, мамандықтар мен құзыреттер туралы мәлімет береді.
Мамандықты дұрыс таңдау – оқушының өзіне де, қоғамға да пайдалы. Еңбек нарығының сұранысы мен мүддесіне сәйкес келетін және өз қабілеті мен бейіміне сай мамандықтың иесі болу – болашақ үшін де маңызды.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – Қазақстандағы мұнай-газ саласына кадр даярлайтын бірден-бір мамандандырылған жоғары оқу орны. Біздің түлектеріміз еліміздің мұнай саласындағы ғана емес, өзге де ірі кәсіпорындарда үлкен сұранысқа ие: жыл сайынғы статистика бойынша оқу орнын бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуы 80%-дан жоғары.
Арманға қадамды АтМГУ-мен бірге баста!
- Университет туралы
- Оқуға түсушілерге
-
Студенттерге
- "Study Space" студенттің жеке кабинетіне кіру
- Білім алушының ішкі тәртіп ережелері
- Қабылдау комиссиясына онлайн тіркелу
- Қорытынды аттестаттауды тапсыру туралы білім алушыларға арналған нұсқаулық
- Жазбаша жұмыстарды тексерудің автоматтандырылған жүйесі
- Ақпараттық технологиялар мен білімді бақылау басқармасы
- Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы
- Мансап және жұмысқа орналасу
- Студенттік жатақханаларда тұру ережелері
- Факультеттер
- Ғылым
- AOGU Shop
-