21.05.2021

ҚОНАҚ ДӘРІСІ

ҚОНАҚ ДӘРІСІ
Биоотын және бағалы органикалық қоспалар алу үшін өсімдік шикізатын қалай пайдалануға болады? Жаңартылатын ресурстардың маңызы қандай? Бұл сауалдарға ресейлік ғалым Олег Каримов «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына өткізген дәрісінде жауап берді. Дәріс ағымдағы жылдың 19 мамыр күні университеттің индустриалды-технологиялық факультетінде онлайн форматта ұйымдастырылды.

Олег Каримов - Ресей технологиялық университетінің физикалық химия кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты.

Университетте белгілі бір тақырып аясында отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен қонақ дәрісін ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді. О.Каримовпен өткен онлайн сабақта болашақтың энергия көздері, биоматериалдарды өңдеудің жасыл технологиялары және синтездің заманауи әдістері жан-жақты талқыланды.

Бұл университет оқытушылары мен студенттері үшін аса маңызды дәріс болды. Әсіресе, болашақ мамандар үшін мұндай кездесулер әлемдегі жаңа инновациялар мен үрдістермен танысып, көбірек ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN