17.05.2021

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сізді Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті атынан бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы ретінде Сіз әрдайым білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөліп, азаматтардың сауаттылығы мен цифр­­лы біліктілігін арттыру, қолжетімді әрі сапалы білім беру, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды қалыптастыруды мақсат етіп келесіз.

Сіздің еліміздің дамуына, әсіресе, өңірлердің өркендеуіне баса назар аударуыңыздың арқасында аймақтарымыздың индустриялық-инновациялық, саяси-экономикалық әлеуеті артып келеді.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті еліміздегі мамандандырылған бірден-бір жоғары оқу орны ретінде мемлекетіміздің индустриалды-инновациялық дамуы, бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолында білікті мамандарды даярлауда.

Бүгінгі қуанышты күніңізде Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілейміз. Жауапкершілігі жоғары ел үмітін ақтаудағы еңбегіңізде толағай табыстар мен жетістіктерге жете беріңіз. Өзіңіздей көреген басшысы бар мемлекетіміздің болашағы жарқын, келешегі мол боларына сенімдіміз!

Құрметпен, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN