29.04.2021

МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІ: ДОССОР КЕН ОРНЫНА - 110 ЖЫЛ

МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІ:  ДОССОР КЕН ОРНЫНА - 110 ЖЫЛ
«Бұл жерде мұнайдың мол қоры бар. Қазынаны игеру өте қиынға түседі. Себебі, ауыз судың жоқтығы, елді мекендермен бай­ланыстың болмауы, әрі шөп ша­батын шабындықтың кездеспеуі барынша қиындық туғызады»,-депті 1857 жылы инженер Д.Кирпичников. Бұл жер деп отырғаны - Доссор. Бірақ инженердің бұл байламы ақиқатқа айналмады. Қаншама қиын болса да, Доссор мұнайы игерілді. Биыл бұл датаға - 110 жыл! 1911 жылдың 29 сәуірінде алғашқы мұнай бұрқағы атқылаған Доссор кен орны ғасырдан астам уақыт бойы ел игілігіне айналып келеді. Ембі мұнай өнеркәсібінің, тіпті күллі Қазақстан мұнайы тарихының бастауы болған Доссор кенішінің «қара алтыны» сұрапыл соғыс кезінде майдан даласына тікелей жөнелтілді. Ешқандай өңдеуден өтпесе де пайдалануға жарамды болған мұнай сапасын әлі күнге жоғалтқан жоқ. Бүгінгі тарихи дата Доссор кенішінің мұнайын өнеркәсіптік игеру, алғашқы жұмысшы табының қалыптасуы басталған күн ретінде де маңызды. Жер қойнауындағы қазынаны ел игілігіне жарату жолында тынымсыз еңбек еткен аға буынның ізін жастардың лайықты жалғастырып келе жатқанына қарап қуанбау мүмкін емес. Осы қатарда біздің Университет түлектерінің де барын мақтанышпен айтамыз! Университетіміздің «Алтын серіктесі» - «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымын, сала ардагерлерін, доссорлық мұнайшылар қауымын мерекемен құттықтаймыз! Жетістік, табыс көп болсын!

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN