31.05.2021

Өткенге құрмет-мәңгілік міндет

Өткенге құрмет-мәңгілік міндет

Бүгін 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Талайды сарсаңға салған, қайғы-қасірет шектірген атаулы күн елімізде 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. ХХ ғасырдың басындағы қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың тек өздері ғана емес, олардың отбасы, жақындары да зардап шекті.

Бұл күн – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған күн.

Бүгінгі біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбандарының есімдерін ұмытпай, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті қастер тұтуға үйрету. Еліміздің көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN