Университетіміздегі «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенті Эльдар Кошенов «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы арқылы Польшадағы Ян Амос Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде дипломдық жұмысын сәтті қорғады. Қос дипломды білім беру бағдарламасы – студенттер мен оқытушылардың, зерттеуші-серіктестердің халықаралық жеке қарым-қатынасының бірегей ортасында білім алу мүмкіндігі. Бүгінде АтМГУ студенттері бірқатар шетелдік жетекші университеттерде осы жоба аясында оқып жатыр. Эльдар - Польшадағы аталған университеттің мехатроника мамандығынан бакалавр біліктілігін алған алғашқы қазақ инженері! Мехатроника - елімізде жаңадан дамып келе жатқан инновациялық сала. Ол енді болашағын осы мамандықпен байланыстыруды мақсат етіп отыр. Студентіміз биыл әлемнің 80 елі мойындаған еуропалық (Польша) дипломмен бірге С.Өтебаев атындағы АтМГУ дипломын алады.
- Университет туралы
- Оқуға түсушілерге
-
Студенттерге
- "Study Space" студенттің жеке кабинетіне кіру
- Білім алушының ішкі тәртіп ережелері
- Қабылдау комиссиясына онлайн тіркелу
- Қорытынды аттестаттауды тапсыру туралы білім алушыларға арналған нұсқаулық
- Жазбаша жұмыстарды тексерудің автоматтандырылған жүйесі
- Ақпараттық технологиялар мен білімді бақылау басқармасы
- Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы
- Мансап және жұмысқа орналасу
- Студенттік жатақханаларда тұру ережелері
- Факультеттер
- Ғылым
- AOGU Shop
-