30.06.2021

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ
Әр өңірдің өмірі өнегелі, қоғамға, өскелең ұрпаққа үлгі етуге тұрарлық тұғырлы тұлғалары болады. Жақында Атырау, Маңғыстау облыстарының құрметті азаматы, елімізге танымал қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Төкен Танаұлының ғибратты ғұмыры туралы «Ризамын» атты жаңа кітап жарық көріп, Нұр-Сұлтан қаласында тұсаукесер рәсімі өткен болатын. Қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосқан, өмір жолындағы ізгі жандардың жақсылығын жұртшылыққа жария еткен 200-ден астам мақала мен бірнеше кітаптың авторы бүгін университетке келіп, ұжыммен кездесті. Төкен Танаұлының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шарада «Атырау облысының құрметті азаматы», қоғам қайраткері Рашиля Қабиқызы Мүрсәлиева, «Атырау» телерадиоарнасы директоры Қанат Әуесбай, университеттің корпоративтік хатшысы Гүлшара Мұқанғалиева мерейгердің тағылымды өмірі мен халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегі туралы әңгімеледі. Төкен Танаұлы өмір жолынан естелік айтып, елге еткен еңбек елеусіз қалмайтынын атап өтті. Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ қара шаңырағы есептелетін Мұнай-газ факультеті орналасқан оқу ғимаратына Төкен Танаұлының есімін беруді ұсынды. Қазір оқу орны кампусында Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, университет кітапханасы ғимараты толық жаңғыртудан өтіп, қоғам қайраткері Маруся Асаубаеваның есімі беріледі.

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN