08.07.2022

ТАЛАПКЕРЛЕР ТАҢДАУЫ - АтМГУ

Университетте құжат қабылдау жұмысы қызу жүріп жатыр. Болашағын бізге сеніп тапсырғандар қатары күннен күнге көбейіп келеді. Жас дос, сіз де қалыс қалмаңыз! Құрметті ТАЛАПКЕРЛЕР! 2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау @aogu.edu.kz ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет: ▫️жеке куәлік; ▫️ҰБТ сертификаты; ▫️3х4 көлеміндегі фото; ▫️орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом); ▫️№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы; ▫️ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі; ▫️жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар. Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады. Болашағыңды бізбен бірге баста! Қабылдау комиссиясы: Баймуханов 45а Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Балғымбаев орталығы, 3 этаж Тел.: 8 800 080 88 89

Back to the list

Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN